Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/9-V "Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/10-VІІ шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | М. Абылгазинова |