Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Абай облысының ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 28 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі Дмитриевка ауылының көшелері қайта аталсын:
"Ленин" көшесі "Абай" көшесіне;
"Киров" көшесі "Жібек Жолы" көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дмитриевка ауылдық округінің әкімі | Қ. Нұрлыбеков |