Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма аудандық мәслихатының төрағасы | М. Оспанбаев |
Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 5/108-VIІI шешіміне қосымша |
Жарма ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 245,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 264,87 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 1589,20 |