Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Үржар ауданының прокурорының 2023 жылғы 10 қазан күнгі № 2-15-23-00863 наразылығына сәйкес, Абай облысы Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2023 жылға Абай облысы Үржар ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 566 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Дуйсенова Л.Т.) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары Б.Турлыбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауаны әкімінің міндетін атқарушы | А. Башимбаев |