"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талас аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратау қаласындағы "Геологов көшесі – Арай", "Зеленая көшесі – Көгалды", "Клубничная көшесі – Балауса", "Красная көшесі – Қызылжар", "Малиновая көшесі – Қырмызы", "Восточная көшесі – Күншуақ", "Грушевая көшесі – Таң самалы", "Осеняя көшесі – Күреңбел", "Персиковая көшесі – Мерей", "Виноградная көшесі – Жүзімді", "Светная көшесі – Шұрайлы", "Сиреновая көшесі – Жұпарлы", "Сливовая көшесі – Өрікті", "Томатная көшесі – Нұрлы", "Фруктовая көшесі – Рауан", "Цветочная көшесі – Гүлдер", "Яблочная көшесі – Шырайлы", "Веселая көшесі – Шаттық", "Набержная көшесі – Ақтоған", "Тюлпановая көшесі – Қызғалдақ", "Речная көшесі – Тұма", "Черемуховая көшесі – Аялы", "Речная көшесі – Өзекті", "Набережная көшесі – Жағалаулы" болып өзгертілсін.
2. Осы нормативтік-құқықтық актінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас ауданының әкімі | Н. Жүнісбеков |
Талас аудандық | |
мәслихатының төрағасы | К. Садубаев |