"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33- бабындағы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабындағы 2-тармағының 2)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Шу ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2023 жылғы 02 сәуірдегі №3 хаттамасы, 2023 жылғы 04 сәуірдегі №4 хаттамалары негізінде ШЕШТІМ:
1. Жамбыл облысы Шу ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайды жою басшысы болып Шу ауданы әкімінің орынбасары С.Ж.Сарсенбеков тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Джанибеков |