Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 14/87 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 33/236 "Жаңаарқа ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа аудандық мәслихат төрағасы | Ю.Бекқожин |