"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 17-1), 25-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) Республикалық терминологиялық комиссияны құру және оның қызметін қамтамасыз ету;
8-2) терминологиялық жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17-1) қазақ тілінің емле қағидаларын әзірлеу және бекіту;
25-1) "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды әзірлеу және бекіту;".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Нұрбек |