Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 89/6 "2023 жылға Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектігі бар адамдар мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Теміртау қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Саятұлы Зияшевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Теміртау қаласының әкімі | О.Таурбеков |