Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына және "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы №3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31734 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Балқаш қалалық мәслихатының "Саяқ кенті жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 тамыздағы № 22/194 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4958 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Саяқ кенті жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
оныншы абзац алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төрағасы | А. Муслымов |