Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына сәйкес, "METALS-8" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Н.М. Жакуповтың өтінішін қарастырып, 2020 жылғы 06 тамыздағы пайдалы қазбаларды барлау №728 – EL(2022 жылғы 23 қыркүйектегі Лицензияны қайта ресімдеу) лицензия негізінде, Гүлшат кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "METALS-8" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Гүлшат кенті, кенттің солтүстік-батысында орналасқан, ауданы 705 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2026 жылдың 06 тамызға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "METALS-8"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).
3. "Гүлшат кенті әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Гүлшат кентінің әкімі | Р. Қасенхан |