Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 177/17 "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |