"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Дубовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылындағы келесі көшелері қайта аталсын:
1) Алабасская көшесі Алабас көшесіне
2) Волынская көшесі Ынтымақ көшесіне.
3) Ленина көшесі Алаш көшесіне.
4) Геофизическая көшесі Сайрам көшесіне.
5) Школьная көшесі Қ.Аманжолов көшесіне.
6) 30 лет Победы көшесі Жеңіс көшесіне.
7) 50 лет Казахстана көшесі Тұран көшесіне.
8) Олимпийская көшесі Отырар көшесіне.
9) Космонавтов көшесі Байқоңыр көшесіне.
10) Юбилейная көшесі Абай көшесіне.
11) Сатпаева көшесі Қ.Сәтпаев көшесіне.
12) Сокурская көшесі Соқыр көшесіне.
13) Степная көшесі Жайық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дубовка ауылдық округінің әкімі | Е. Кисраунов |