Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Altynkol mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 1392,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 29 шілдесіне дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 04/01 қаулысына қосымша |
"Altynkol mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Атауы | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га | Оның ішінде | |
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га | Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері га | |||
1 | Ауданның жер қоры | 1392,0 | 1277,2 | 114,8 |
Барлығы | 1392,0 | 1277,2 | 114,8 |