"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 10 қазандағы № 13-4-4/202 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малының бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі Қошқар аулының төмендегі тізім бойынша жеке аулаларынабелгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
1) Жақыпбекова Алмагүл Қордабайқызы Сарыарқа көшесі 1 үй
2) Балапанов Оналбек Есимбекулы Жеңіс көшесі 32 үй
3) Мәдиев Оңал Оралұлы Бейбітшілік көшесі 11/2 үй
4) Бейс Нурбек Мекенулы Бейбітшілік көшесі 5 үй
5) Сейлхан Кабира Жумаханкызы Наурыз көшесі 7 үй
6) Шалхарбаев Сабырхан Тлеукабылович Мәдениет көшесі 12 үй
7) Турсынбаев Ауез Науханбекулы Наурыз көшесі 20 үй
8) Мұқашов Нұрлан Қабылбекұлы Жеңіс көшесі 4 үй
2. Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 шілдедегі "Қусақ ауылдық округінің Қошқар аулындағы жеке аулаларға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қусақ ауылдық округінің әкімі | Д.Мукатай |