Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласының әкімінің 05.04.2024 № 3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №15-4-1/510 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Құтыру ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы қаласы әкімінің м.а | Н.Есов |