"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 9 қарашадағы №15-4-1/417 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округінде орналасқан "Әзберген", "Қарақұдық", "Қарабұлақ" қыстақтарының аумағында белгіленген ауыл шаруашылығы жануарлары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәди ауылдық округінің әкімі | Б. Райым |