"Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы № 47/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 9/6 шешімі

      Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы № 47/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7013 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы А.Жандарбеков

О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 09 декабря 2019 года № 47/10 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района"

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 14 декабря 2023 года № 9/6

      Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шиелийского районного маслихата от 09 декабря 2019 года № 47/10 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района" (зарегистрированно в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7013) следующие изменения:

      в Регламенте собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района, утвержденной указанным решением:

      в пункте 4:

      в абзац девятый вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      абзац десятый исключить;

      абзац одиннадцатый исключается на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шиелийского районного маслихата А.Жандарбеков