"Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 35/2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. ""Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/6 Шиелі аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Т.Жағыпбаров

  Шиелі аудандық мәслихатының
2023 жылға 16 қаңтардағы
№ 35/2 шешімімен бекітілген

"Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Шиелі ауданы мәслихатының (бұдан әрі - мәслихат) және оның органдарының қызметтерін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ететін, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, №6 үй, индексі 120700.

      Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:

      Дүйсенбі - жұма сағат 09.00-ден - 19.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, демалыс күндер: сенбі - жексенбі.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтерін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      мәслихат сессияларын, сондай-ақ мәслихаттың және оның органдары-ның бастамасы бойынша өткізілетін іс-шараларды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың нормашығармашылық қызметін құжаттамалық-құқықтық қамтамасыз ету;

      мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету;

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының азаматтармен, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл мен өзара байланыстың қалыптасуына жәрдемдесу.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, сараптамалық кеңестердің қорытындылары мен мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де материалдарды сұратуға;

      мәслихат құзыретіне жататын мәселелерді қарау үшін жұмыс топтарын құру, сондай-ақ өзге ұйымдардың қызметкерлері мен тиісті мамандарды тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;

      мәслихат пен оның органдары қызметтерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде мәслихат және оның органдарының қызметтерінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілердің іске асырылуын қамтамасыз етуге;

      сессиялардың және мәслихат пен оның органдарының өзге отырыстарын ұйымдық-құжаттамалық қамтамасыз етуге;

      мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тоқтату, тоқтата тұру және жариялау, сондай-ақ атқарылуын бақылау рәсімдерін жүргізуге;

      мәслихат және оның органдары шешімдерінің орындалуын бақылауға, олардың мониторингі мен есебін жүргізуге, қажет болған жағдайда орындалуы барысындағы және қорытындысы бойынша ақпараттарды дайындауға;

      мәслихат депутаттарының сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін дайындауға қатысуға, олардың тиісті ұйымдарда қаралуын бақылауға;

      есептік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы талдамалық материалдарды және ақпараттық сипаттағы шолуларды дайындауға;

      ұйымда қызметтік құжаттардың, хаттар мен өтініштердің уақытылы және сапалы қаралуын қадағалауға, басшылықпен азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға, сенім телефон жұмысын қамтамасыз етуге;

      бұқаралық ақпарат құралдары мен мәслихаттың ресми интернет-ресурсын пайдалану арқылы мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы ақпаратты уақытылы жариялауға (оның ішінде мәслихат отырыстарынан онлайн-көрсетілімдерін жүргізу);

      мәслихат құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз етуге;

      Шиелі ауданы Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына және мәслихат регламетіне сәйкес өзге міндеттерді атқаруға міндетті.

      16. Функциялары:

      мәслихат және оның органдарының қызметтерін жоспарлауда ақпараттық-талдамалық жәрдемдесу;

      мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты жинақтау, өндеу және талдау;

      мәслихат сессияларын, сондай-ақ мәслихат және оның органдарының бастамасымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау рәсімдерін жүргізу;

      мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының, депутаттық бірлестіктері мен өзге органдарының қызметтерін ұйымдық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік ұйым-дармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      мәслихатта басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      мәслихат депутаттарының қызметтерін ұйымдық, консультациялық-құқықтық және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды атқару.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      17. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, жалпы басшылықты – мәслихат төрағасы жүзеге асырады.

      18. Аудандық мәслихат төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін, лауазымды адам болып табылады. Ол сессияда депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады. Мәслихаттың төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.

      19. Аудандық мәслихат төрағасының орынбасарлары жоқ.

      20. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігі:

      мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады,

      хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;

      мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

      депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      21. Аудандық мәслихатының төрағасы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша орындайды.

      22. Мәслихат аппаратының қызметіне тікелей басшылықты мәслихат төрағасымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      23. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттігі:

      мәслихат аппаратына жүктелген функцияларды атқарудағы қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді;

      мәслихат аппаратының тиісті кезенге жұмыс жоспарын әзірледі және мәслихат төрағасына бекітуге ұсынады, оның атқарылуы бойынша есеп береді;

      мәслихат аппаратында еңбек тәртібін күшейту, қызметкерлердің еңбекке ынталарын және бастамашылықтарын дамыту бойынша шараларды қабылдайды;

      мәслихат аппараты қызметкерлері қызметтерінің функциялары мен сипаттарын айқындау, мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптарын және лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мәслихат немесе мәслихат төрағасына бекітуге ұсынады;

      мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауды, олардың мониторингі мен есебін жүргізуді, орындалуы барысындағы және қорытындысы бойынша ақпараттарды дайындауды ұйымдастырады;

      есептік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы талдамалық материалдарды және ақпараттық сипаттағы шолуларды әзірлеуді ұйымдастырады;

      мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, өзін-өзі басқару органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл барысында өз өкілеттігі шегінде мәслихат аппаратының мүдделерін білдіреді;

      мәслихаттың немесе мәслихат төрағасының қарауына:

      мәслихат аппаратының қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолдану, сондай-ақ оларды тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы;

      мәслихат аппаратының құрылымы, оның қызметкерлерінің міндеттерін айқындау мен өзара алмасуын қамтамасыз ету бойынша;

      мәслихат аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты қызметкерлерінің қызметi тоқтатылмайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата Шиелийского района"

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 16 января 2023 года № 35/2

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" от 1 сентября 2021 года № 590 Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении “Аппарат маслихата Шиелийского района".

      2. Признать утратившим силу решение маслихата Шиелийского района от 29 июня 2016 года № 3/6 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата Шиелийского района"".

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Т.Жагыпбаров

  Утверждено решением
Шиелийского районного маслихата
от 16 января 2023 года № 35/2

Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата Шиелийского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" (далее – аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющее информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности маслихата Шиелийского района (далее - маслихат) и его органов, оказание помощи депутатам в осуществлении своих полномочий.

      2. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат маслихата Шиелийского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Кызылординская область, Шиелийский район, поселок Шиели, улица Рыскулова, дом №6, индекс 120700.

      Режим работы государственного учреждения:

      Понедельник - пятница с 09.00 до 19.00 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 15.00 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат маслихата Шиелийского района".

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат маслихата Шиелийского района" осуществляется из местного бюджета.

      13. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Шиелийского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения "Аппарат маслихата Шиелийского района".

      Если государственному учреждению "Аппарат маслихата Шиелийского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в доход государственного бюджета.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      14. Цели:

      информационно-аналитическое обеспечение деятельности маслихата, его органов и депутатов;

      организационное и материально-техническое обеспечение сессий маслихата, а также других мероприятий, проводимых по инициативе маслихата и его органов;

      документационно-правовое обеспечение нормотворческой деятельности маслихата;

      оказание помощи депутатам маслихата в осуществлении своих полномочий;

      содействие формированию эффективного взаимодейстия и взаимосвяи маслихата, его органов и депутатов с гражданами, общественными и государственными организациями.

      15. Полномочия:

      1) права:

      взаимодействовать с государственными организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями по вопросам компетенции маслихата;

      запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию, справки, отчеты, заключения экспертных советов и иные материалы по вопросам, относящихся к компетенции маслихата;

      вносить предложения о создании рабочих органов, а также привлечении работников других организаций и соответствующих специалистов для рассмотрения вопросов, относящихся к компетенции маслихата;

      вступать в гражданско-правовые отношения с юридическими и физическими лицами, заключать договора и осуществлять иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству;

      вносить предложения по повышению эффективности деятельности маслихата и его органов;

      осуществлять иные полномочия, установленные законодательством Республики Казахстан;

      2) обязанности:

      обеспечение в пределах своей компетенции реализацию норм законодательных и подзаконных актов Республики Казахстан в деятельности маслихата и его органов;

      организационно-документационное обеспечение сессий и других заседаний маслихата и его органов;

      проведение процедур по разработке, обсуждению, принятию, регистрации, введению в действие, внесению в них изменений и дополнений, прекращению, приостановлению действия и опубликованию нормативных правовых актов маслихата, а также по контролю за их исполнением;

      осуществление контроля за ходом исполнения решений маслихата и его органов, их учет и мониторинг, при необходимости - подготовка промежуточных и итоговых информаций о ходе их выполнения;

      участие в разработке запросов, предложений и замечаний депутатов маслихата, контроль за их рассмотрением в соответствующих организациях;

      подготовка аналитических материалов и обзоров информационного характера о деятельности маслихата и его органов, депутатов для проведения отчетных и других мероприятий;

      осуществление контроля за своевременным и качественным рассмотрением служебных документов, писем и заявлений, организация приема граждан руководством, обеспечение функционирования телефона доверия в организации;

      своевременное опубликование информации о деятельности маслихата и его органов, депутатов с использованием средств массовой информации и официального интернет-ресурса маслихата (в том числе проведение онлайн-трансляций заседаний маслихата);

      обеспечение реализации норм законодательства Республики Казахстан о выборах в пределах компетенции маслихата;

      организационное обеспечение деятельности Общественного совета Шиелийского района;

      выполнение иных обязанностей, предусмотренных законодательством Республики Казахстан и регламентом маслихата.

      16. Функции:

      информационно-аналитическое содействие в планировании деятельности маслихата и его органов;

      сбор, обработка и анализ информации по вопросам, входящих в компетенцию маслихата;

      организация и проведение сессий маслихата, а также других мероприятий, проводимых по инициативе маслихата и его органов;

      проведение процедур по разработке, представлению, обсуждению, принятию, регистрации, введению в действие, изменению, дополнению, прекращению, приостановлению действия и опубликованию нормативных правовых решений маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      организационное, информационно-аналитическое обеспечение деятельности постоянных и временных комиссий, депутатских объединений и иных органов маслихата;

      взаимодействие с государственными организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями по вопросам компетенции маслихата;

      обеспечение эффективного функционирования системы документационного обеспечения управления в маслихате.

      организационное, консультационно-правовое и информационно-методическое обеспечение деятельности депутатов маслихата;

      обеспечение доступности информации о деятельности маслихата, его органов и депутатов;

      осуществление других функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя при организации деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Аппарат маслихата Шиелийского района" осуществляется первым руководителем-председателем маслихата, который самостоятельно несет ответственность за выполнение задач и функций, возложенных на государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района"

      18. Председатель районного маслихата является должностным лицом, работающим на постоянной основе. Он избирается из числа депутатов

      открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии. Председатель маслихата избирается на срок полномочий маслихата.

      19. Председатель районного маслихата не имеет заместителей.

      20. Полномочия председателя районного маслихата:

      организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      принимает решение о созыве сессии маслихата;

      ведет заседания сессии маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;

      контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;

      организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;

      представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      выполняет иные полномочия, предусмотренные настоящим Законом, законодательством Республики Казахстан, регламентом и решением маслихата.

      21. Исполнение полномочий председателя маслихата в период его отсутствия осуществляется председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

      22. Непосредственное руководство деятельностью аппарата маслихата осуществляет руководитель аппарата маслихата, назначаемый на должность и освобождаемый от должности председателем маслихата.

      23. Полномочия руководителя аппарата маслихата:

      координирует деятельность сотрудников аппарата маслихата по выполнению возложенных на организацию функций;

      разработывает и вносит на утверждение председателю маслихата план работ аппарата маслихата на соответствующий период, предоставляет отчет об его исполнении;

      принимает меры по укреплению трудовой дисциплины в аппарате маслихата, развитию трудовой мотивации и инициативности сотрудников;

      разрабатывает проекты правовых актов об определении функций и характера деятельности сотрудников аппарата маслихата, утверждении квалификационных требований и должностных инструкций к должностям административных государственных служащих аппарата и предоставляет их на утверждение маслихату или председателю маслихата;

      организует контроль за ходом исполнения решений маслихата, их учет и мониторинг, подготовку промежуточных и итоговых информаций о ходе их выполнения;

      организует разработку аналитических материалов и обзоров информационного характера о деятельности маслихата, его органов и депутатов, для проведения отчетных и других мероприятий;

      в пределах своих полномочий представляет интересы аппарата маслихата во взаимодействии с государственными и общественными организациями, органами самоуправления, со средствами массовой информации и другими физическими и юридическими лицами;

      имеет право вносить на рассмотрение маслихата или председателя маслихата предложения:

      по применению мер поощрения к сотрудникам аппарата, а также о привлечении их к дисциплинарной и материальной ответственности;

      по структуре аппарата маслихата, по определению обязанностей его сотрудников и обеспечению их взаимозаменяемости;

      по материально-техническому обеспечению деятельности аппарата маслихата;

      осуществлять иные полномочия, установленные законодательством Республики Казахстан.

      24. С истечением срока полномочий маслихата, в случаях досрочного прекращения полномочий маслихата и выборов нового состава его депутатов, деятельность служащих аппарата маслихата не прекращается

4. Имущество государственного органа

      25. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Аппарат маслихата Шиелийского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      26. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат маслихата Шиелийского района", относится к коммунальной собственности.

      27. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Шиелийского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      28. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат маслихата Шиелийского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.