Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Шиелі аудандық 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | А.Жандарбеков |