Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/152 "Маңғыстау облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/78 шешімі

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/152 "Маңғыстау облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Маңғыстау облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларында 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

      3) иттерге арналған үйрету алаңы – иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;

      4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;

      5) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;

      6) үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі – жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау иесінің қатысуымен үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы;

      7) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;

      8) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Үй жануарының иесі және жауапты адамы, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.";

      Мынадай мазмұндағы 8-1-тармақ толықтырылсын:

      "8-1. Үй жануарларының иесі немесе жауапты адамы осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбаны жүзеге асырады.";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Қонақүйге әкімшілікпен келісім бойынша иесіне итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етіледі.";

      Мынадай мазмұндағы 11-1-тармақ толықтырылсын:

      "11-1. Жануардан бас тарту оған басқа адам меншік құқығын иеленгенге дейін иесінің үй жануарына қатысты міндеттерін тоқтатуға әкеп соқпайды.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және 1,5 (бір жарым) метрден асатын қарғыбаусыз серуендетуге рұқсат етілмейді.

      Үй жануарларын серуендету кезінде иелері мен жауапты адамдар мынадай талаптарды сақтайды (ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын қоспағанда):

      1) ит қоғамдық орындарда 2 (екі) метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек;

      2) тұмылдырық итке оны тасымалдау кезінде, адамдар көп жиналатын жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген орындарда кигізіледі;

      3) магистральдар маңындағы көшелер арқылы өту кезінде жол-көлік оқиғаларын және жолдың жүріс бөлігінде оның өлуін болдырмау үшін үй жануарлары 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауға алынады;

      4) иесі итті иесінің осы ғимараттың ішінде болған уақытына ғимараттың жанында ерікті түрде шешілуін болдырмайтын байламда және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаумен тұмылдырықта қалдыра алады;

      5) иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерде ит иесі немесе жауапты адам айналасындағыларға қауіп төндірмей, тұмылдырықпен және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауда итпен аумақты кесіп өтуіне болады;

      6) иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген аумақтарда, алаңда иттерді еркін серуендетуге жол беріледі.

      Иттерді серуендетуге тыйым салынатын орындар тиісті белгімен белгіленуге тиіс.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Елді мекен аумағында мыналарға:

      1) иттердің еркін жүруі;

      2) өздерінің мінез-құлқын ұстауға қауқарсыз, оның ішінде алкагольден, есірткіден, уытқұмарлықтан мас күйдегі адамдарға үй жануарларын серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте бірге болуға;

      3) әкімшілікпен келісім бойынша спорттық және өзге де іс-шаралар ұйымдарын қоспағанда мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорт және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және серуендеуге арналмаған тыйым салу белгілері белгіленген аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;

      4) адамдарға шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, фонтандар мен су қабылдағыштарда үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.";

      Мынадай мазмұндағы 17-1-тармақ толықтырылсын:

      "17-1. Коммерциялық, коммерциялық емес, діни ұйымдардың, балалар, медициналық немесе білім беру ұйымдарының аумағында үй жануарларының болуын және оларды күтіп-ұстауды осы ұйымдар мен мекемелердің меншік иесі (әкімшілік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Ж. Матаев

О внесении изменений и дополнений в решение Мангистауского областного маслихата от 24 августа 2022 года № 13/152 "Об утверждении правил содержания и выгула домашних животных в Мангистауской области"

Решение Мангистауского областного маслихата от 8 декабря 2023 года № 7/78

      Мангистауский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести следующие изменения и дополнения в решение Мангистауского областного маслихата от 24 августа 2022 года № 13/152 "Об утверждении правил содержания и выгула домашних животных в Мангистауской области":

      Пункт 2 правил содержания и выгула домашних животных в Мангистауской области следует прописать в новой редакции:

      "2. В Правилах используются следующие основные понятия и термины:

      1) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которому животное принадлежит на праве собственности или ином вещном праве;

      2) ответственное лицо – лицо, которое несет права и обязанности владельца животного, установленные Законом, по письменному поручению владельца животного;

      3) дрессировочная площадка для собак – огороженная территория, оборудованная специальными снарядами для тренировки, специально отведенная для дрессировки собак;

      4) домашние животные (животные-компаньоны) (далее - домашние животные) – животные вне зависимости от вида, которые традиционно содержатся и разводятся человеком для удовлетворения эстетических потребностей и потребностей в общении;

      5) выгул домашних животных – действия владельца животного и (или) ответственного лица, предполагающие выведение животного за пределы места его содержания и направленные на удовлетворение физиологических потребностей животного в двигательной активности, отправление естественных потребностей;

      6) свободный выгул домашних животных (собак) – пребывание животного без намордника и поводка вне помещения или территории содержания, в присутствии владельца, на специально отведенных территориях, на площадке для выгула собак или на дрессировочной площадке для удовлетворения естественных физических и физиологических потребностей животного;

      7) самовыгул домашних животных – самостоятельное пребывание домашних животных вне места содержания без присутствия владельца животного и (или) ответственного лица;

      8) место содержания – используемые владельцем животного и (или) ответственным лицом здания, строения, сооружения, помещения или земельные участки, где животное содержится.";

      Пункт 4 следует написать в новой редакции:

      "4. Владельцем и ответственным лицом домашнего животного обеспечиваются условия, не допускающие возникновения опасности здоровью людей, животных и вред окружающим.";

      Дополнить пункт 8-1 следующего содержания:

      "8-1. Владелец домашнего животного или ответственное лицо при наличии домашнего животного, требующего особой ответственности владельца животного, осуществляет предупредительную надпись при входе на данную территорию.";

      Пункт 9 следует написать в новой редакции:

      "9. Допускается заселение в гостинице владельца с собакой или кошкой по согласованию с администрацией.";

      Дополнить пункт 11-1 следующего содержания:

      "11-1. Отказ от животного не влечет прекращения обязанностей владельца в отношении домашнего животного до приобретения права собственности на него другим лицом.";

      Пункт 15 следует написать в новой редакции:

      "15. Выгул домашних животных, требующих особой ответственности владельца животного, без намордника и поводка, превышающего 1,5 (полутора) метра, независимо от места выгула не допускается, за исключением случаев, если домашнее животное, требующее особой ответственности владельца животного, находится на огороженной территории, принадлежащей владельцу животного и (или) ответственному лицу на праве собственности или ином законном основании.

      При выгуле домашних животных (за исключением домашних животных, требующих особой ответственности) владельцами и ответственными лицами соблюдаются следующие требования:

      1) собака находится в общественных местах на поводке не превышающего 2 (два) метра;

      2) намордник надевается на собаку при его транспортировке, в толпе людей, а также в местах, обозначенных местными исполнительными органами, организациями, учреждениями;

      3) кошки любых пород и их метисы выгуливаются на шлейке и поводке;

      3) при переходе через улицу, вблизи магистралей домашнее животное берется на короткий поводок не превышающий 1,5 (полутора) метров, во избежание дорожно-транспортных происшествий и его гибели на проезжей части;

      4) владелец может оставлять собаку на привязи и в наморднике на коротком поводке, не превышающем 1,5 (полутора) метра, исключающим произвольное развязывание, рядом со зданием на время, в течение которого владелец находится внутри этого здания;

      5) в местах, где выгул собак запрещен, владелец собаки или ответственное лицо может пересечь территорию с собакой в наморднике и на коротком поводке, не превышающем 1,5 (полутора) метра, не создавая опасности окружающим;

      6) свободный выгул собак допускается на специально отведенных территориях, на площадке для выгула собак.

      Места, запрещающие выгул собак, должны быть помечены соответствующим знаком.";

      Пункт 17 следует написать в новой редакции:

      "17. На территории населенного пункта не допускается:

      1) самовыгул собак;

      2) выгуливать домашних животных и находиться с ними в общественных местах и транспорте лицам, не способными контролировать их поведение, в том числе находящимися в состоянии алкогольного, наркотического, токсикоманического опьянения;

      3) выгуливать домашних животных на территориях детских дошкольных, образовательных, физкультурно-спортивных и медицинских, лечебных организаций, организаций культуры, детских и спортивных игровых площадок и на территориях, где установлены запрещающие знаки выгула домашних животных, кроме случаев организации спортивных и иных мероприятий по согласованию с администрацией;

      4) купать и мыть домашних животных на территории, где разрешено купание людей , в прудах, фонтанах и водозаборах.

      Дополнить пункт 17-1 следующего содержания:

      "17-1. Нахождение и содержание домашних животных на территории коммерческих, некоммерческих, религиозных организаций, детских, лечебных или образовательных учреждений определяется собственником (администрацией) этих организаций и учреждений с соблюдением действующего законодательства Республики Казахстан.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата Ж. Матаев