Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрық ауылы Кендірлі жерінен жалпы көлемі 79,6846 гектар, оның ішінде жайылымы 79,3404 гектар жер учаскесін "Ak Su KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кірме автожолының құрылысын салу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ғ. Салихов |
Құрық ауылы әкімінің | |
2023 жылғы 01 ақпандағы | |
№ 19 шешіміне қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ | Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га |
1 | Құрық ауылының жері | 66,2129 |
2 | Толқын ӨК | 7,2459 |
3 | Б.К.Сагиндиков | 5,8816 |
4 | Су құбыры | 0,3442 |
Барлығы: | 79,6846 |