"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №27 "Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №178845 болып тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:
реттік номері 3-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
3. | Қызылөзен ауылы | Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты | 8(72938) 23851 |
";
орыс тіліндегі реттік номері 5-жолға өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
реттік номері 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
6. | Сайын Шапағатов ауылдық округі | Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімі аппаратының "Сайын Шапағатов мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты | 8(72938) 31256 |
".
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік саласына жауапты орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі | Р.Елтизаров |