Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 26 қазандағы № 488 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) өкілеттіктер шегінде тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктерін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;";
3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"3) облыс әкімі аппаратының, қалалар, аудандар әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінде атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу;
4) облыс әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімі мен әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, бақылау-қадағалау органдарының актілерін қарау;";
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің, облыстық басқармалардың, қалалар, аудандар әкімдіктерінің облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;";
15) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, облыс әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;";
19) тармақша алып тасталсын;
21) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"21) әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстау, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтау;";
22) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"22) жобалау қызметінің тиімді өзара іс-қимылын және үйлестірілуін қамтамасыз етеді;";
16) тармақша алып тасталсын;
17) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"17) әкім жүктейтін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайды.".
2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |