Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 199 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2023 жылғы 25 сәуірдегі | |
№ 742 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Л. Беда көшесі бойынша Соколовская көшесі - Абай даңғылы шекараларында мекенжайында "Қостанай қаласы, Л. Беда көшесі бойынша Соколовская көшесі - Абай даңғылы шекараларында өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жаңарту" объектісі бойынша жүргізу үшін, жалпы алаңы 1,4874 гектар;
2) Қостанай қаласы, О. Досжанов көшесі бойынша Шаяхметов көшесі - Қасымханов көшесі шекараларында, Қасымханов көшесі бойынша О. Досжанов көшесі - Павлов көшесі шекараларында мекенжайында "Қостанай қаласы, О. Досжанов көшесі бойынша Шаяхметов көшесі - Қасымханов көшесі шекараларында, Қасымханов көшесі бойынша О. Досжанов көшесі - Павлов көшесі шекараларында өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жаңарту" объектісі бойынша жүргізу үшін, жалпы алаңы 1,5223 гектар.