"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |
Рудный | |
қаласы әкімдігінің | |
2023 жылғы "21" желтоқсан | |
№ 1213 қаулысымен | |
бекітілген |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 құрылыс.
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішкі нарығына және оларды қайта өңдеу өнімдеріне мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына мониторинг жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы өндірісін әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық және индиактивті жоспарларын әзірлеу, іске асыру;
3) мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және техникалық және ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету жағдайларын жасау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және цифрландыру, қайта өңдеу кәсіпорындарымен тепе-тең негізде әріптестік экономикалық өзара қарым-қатынастар;
4) аграрлық секторда реформаларды жүзеге асыру, саланы қаржылық сауықтыру, жеделдетілген экономикалық өсу және ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін инвестициялар тарту;
5) бәсекеге қабілетті жоғары сапалы азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оларды қайта өңдеуге және өткізуге көмектесу;
6) мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету;
8) Рудный қаласының кәсіпкерлік саласын дамыту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
9) қаланың кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
10) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
11) кәсіпкерлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізу және өзектендіру;
12) өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға көмектесу;
13) мерекені өткізу кезінде бөлшек сауданы ұйымдастыру;
14) бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
өз құзыреті шегінде уәкілетті органдардан ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу;
бөлім құзыреті мәселелері бойынша қала әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс және қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
агроөнеркәсіптік кешен және шағын, орта бизнес саласында кредит беруді, субсидиялауды дамытуды жүзеге асыру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
3) ішкі азық-түлік ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу;
4) облыстық азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізу бөлігінде "Тобыл ӘКК" акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасау;
5) ауыл шаруашылығы саласында Рудный қаласын дамыту бағдарламаларын іске асыру;
6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
7) ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы егіс алқаптары, дақылдардың өнімділігі және жалпы жинақтары туралы деректерге мониторинг жүргізу;
8) бөлімнің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
9) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жоспарларын, болжамдарын әзірлеу, мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын және инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
10) Рудный қаласын дамыту Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау;
11) азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізу және есептілікті облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
12) мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бойынша алдын ала есептерді дайындау және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің статистикалық есептілікті уақтылы ұсынуын бақылау;
13) отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту үшін ауыл шаруашылығы субъектілеріне микрокредит беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
14) субсидияларды қаржыландыру жоспарын әзірлеу;
15) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
16) республикалық, облыстық және қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру, өткізу және сүйемелдеу;
17) қағидалар мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді қабылдау, қарау және көрсету;
18) техникалық инспекция саласында рұқсат құжаттарын беру, кепілді, қосымша кепілді тіркеу.
19) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
20) туристік қызметтер нарығын талдау және уәкілетті органға қала аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
21) қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
22) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға және дамытуға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
23) халық пен шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында сауда саласындағы заңнаманы қолдау және іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
24) кеңестер мен конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің атынан өкілдік етеді;
2) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және тиісті емес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қызметкерлердің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
8) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, біліктілік талаптарын бекітеді;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде тәртіптік жаза қолдану, көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
10) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде штат кестесін, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
12) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
21. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.