Лисаков қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Міндеттері:
1) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау.";
15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Функциялар:
1) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
5) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
6) мүгедектігі бар адамдар; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар; білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасының қамқорлығынсыз он сегіз жасқа толғанға дейін айырылған немесе қалған жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуде үйлестіру;
8) ардагерлерге және басқа да тұлғаларға санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттарды ресімдеу;
9) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін жұмыс фактісін растау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;
11) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау;
12) күндізгі болу бөлімшесінде жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
13) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
14) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
15) Бөлімнің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
16) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
17) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға есептілік және ақпараттық құжаттарды ұсыну;
18) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-презентациялық іс-шараларды, сондай-ақ кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру;
19) ұжымдық еңбек қатынастарын және әлеуметтік әріптестікті реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
20) Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";
19 тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
24 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |