"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы | Қ. Кеделбаев |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы "02" тамыздағы | |
№ 35 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Ақсай ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Ауыл әкімі ауылдың шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауыл әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Амангелді аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін ауыл әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Мәслихаттың | |
2023 жылғы "02" тамыздағы | |
№ 35 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Ақсай ауылының тұрғындары үшін | 12 |
Абай көшесі | 1 |
Аманкелді көшесі | 1 |
Бейбітшілік көшесі | 2 |
Гагарин көшесі | 1 |
Жангелдин көшесі | 1 |
Жағажиек көшесі | 1 |
Жаңа көшесі | 1 |
Кеңес көшесі | 1 |
Ленин көшесі | 2 |
Тың көшесі | 1 |
Барлығы | 12 |