Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "Мобайл Телеком Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Амангелді ауданы, Байғабыл ауылдық округі, Байғабыл ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0904 гектар жер учаскесіне 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Амангелді ауданының Байғабыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғабыл ауылдық округінің әкімі | А. Зейнолдин |