Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 5-1) тармақшасы және 69 бабына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық жер телімін беру жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 1 қарашаның № 27 хаттамасы және жерге орналастыру жобасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Су құбырына қызмет көрсету мақсатында Москалев ауылдық округінде "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің аумағында орналасқан ауданы - 0,1198 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |