Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратушы су құбыры желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Аманқарағай ауылы аумағында орналасқан жалпы ауданы 17,8600 гектар жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы (сервитут) белгіленсін.
2. "Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Исмаилов |