Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, аудан әкімі Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі ШЕШТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту" мақсатында Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі, Қамысты ауылы аумағында орналасқан ауданы 0,023 гектар жер учаскелеріне мемлекеттік сервитут белгіленсін (ВОЛС) 1 (бір) жыл мерзімге.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін;
2) Осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет желіреріде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тлеубергенов А.Т. |