"Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 33 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заның, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 111 "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі Р. Халықов

  Аудан әкімдігінің
  2023 жылғы "01" наурыздағы
  № 33 қаулысымен
  бекітілді

"Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Ішкі саясат бөлімінің мынадай ведомствосы бар: "Қарбалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемсі.

      3. Ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ішкі саясат бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Ішкі саясат бөлімі егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Ішкі саясат бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ішкі саясат болімінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31.

      10. Осы Ереже ішкі сясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетен жүзеге асырылады.

      12. Ішкі саясат бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттері орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндетері мен өкілеттіктері.

      13. Міндеттері:

      1) Ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Заңдарына Қазақстан Республика Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес "Қарабалық ауданы әкімдігнің ішкі саясат бөлімі" мемлкеттік мекемесінің құзыретіне жататын мемлекеттің ішкі саясатын орындау, іске асыру, қамтамасыз ету;

      2) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына мемлекеттік Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;

      3) Қарабалық ауданы аумағындад діни, жастар, ауданның үкіметтік емес бірлектеріне қатысты мемлекеттің саясатын жүйелі жүзеге асыру, саяси партиялармен байланысын жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      2) ауданның қоғамдық саяси ахуалына талдау жүргізу;

      3) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдармен мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      4) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сонымен қатарәкім мен аудан әкімдігінің актілер мен тапсырыстарын сапалы, мерзімінде орындау.

      15. Функциялар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдармаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;

      2) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша, оны жүргізу бойынша аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

      3) Қарабалық ауданындағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды, діни мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмысын жүргізу;

      4) Қарабалық ауданының жастар сясатын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, жастар және балалар бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесу, жастар іс-шараларын өткізу;

      5) коммерциялық емес ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      5-1) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен ресімдейді басшыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама коммерциялық емес ұйымдар;

      6) Қарабалық ауданы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануына (орнатуына, орналастыруына) бақылауды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Ішкі саясат бөліміне басшылықты ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Ішкі саясат бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ішкі саясат бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      5) мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

      Ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарында көзделген жағдайларда ішкі саясат бөлімінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Ішкі саясат бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ішкі саясат бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел внутренней политики акимата Карабалыкского района"

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 1 марта 2023 года № 33

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел внутренней политики акимата Карабалыкского района".

      2. Государственному учреждению "Отдел внутренней политики акимата Карабалыкского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карабалыкского района после его официального опубликования.

      3. Постановление акимата Карабалыкского района от 11 мая 2016 года № 111 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел внутренней политики акимата Карабалыкского района" отменить.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карабалыкского района.

      Аким района Р. Халыков

  Утверждено
  постанавлением акимата
  от "01" марта 2023 года
  № 33

Положение о государственном учреждении "Отдел внутренней политики акимата Карабалыкского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел внутренней политики акимата Карабалыкского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере внутренней политики.

      2. Отдел внутренней политики имеет ведомство: коммунальное государственное учреждение "Молодежный ресурсный центр" отдела внутренней политики акимата Карабалыкского района.

      3. Отдел внутренней политики осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел внутренней политики является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Отдел внутренней политики вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел внутренней политики имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, в соответствии с законодательством.

      7. Отдел внутренней политики по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения оформляемые приказами руководителя Отдела внутренней политики и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Отдела внутренней политики утверждается постановлением акимата района.

      9. Местонахождение юридического лица: 110900, Республика Казахстан, Костанайская область, поселок Карабалык, улица Космонавтов, 31.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдел внутренней политики.

      11. Финансирование деятельности Отдела внутренней политики осуществляется только за счет местного бюджета.

      12. Отделу внутренней политики запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела внутренней политики.

      Если Отделу внутренней политики законодательными актами не представлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) обеспечение, реализация исполнения в районе местными органами государственного управления внутренней политики государства в соответствии с Законами Республики Казахстан, актами и поручениями Президента, Правительства Республики Казахстан, относящимися к компетенции государственного учреждения "Отдела внутренней политики акимата Карабалыкского района";

      2) участие в укреплении демократических институтов общества, разъяснение и пропаганда основных приоритетов Стратегии развития Казахстана, ежегодных Посланий Главы государства народу Казахстана;

      3) последовательное осуществление политики государства на территории Карабалыкского района в отношений религий, молодежных, неправительственных объединений района, осуществление связи с политическими партиями;

      14. Полномочия:

      Права:

      1) соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      2) проводить анализ общественно-политической ситуации в районе;

      3) запрашивать от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию, необходимую для выполнения своих функций, привлекать работников государственных органов и иных организаций участию в подготовке вопросов, относящихся компетенции государственного учреждения "Отдел внутренней политики акимата Карабалыкского района", создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;

      4) исполнять качественно, в срок акты и поручения Президента, Правительства и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата района.

      15. Функции:

      1) разъяснение и пропаганда политики Президента Республики Казахстан, программ Правительства Республики Казахстан, постановлений акиматов области и района, решений и распоряжений акимов области и района;

      2) реализация государственной информационной политики, координация деятельности районных средств массовой информации по выполнению государственного заказа по ее проведению;

      3) изучение и анализ религиозной ситуации в Карабалыкском районе, проведение разъяснительной работы на местном уровне по вопросам религии;

      4) осуществление работы по реализации молодежной политики Карабалыкского района, содействие развитию молодежных и детских объединений, проведение молодежных мероприятий;

      5) осуществлять сотрудничество с некомерческими организациями:

      5-1) в установленных законодательством случаях и порядке составлять протокола об административных правонарушениях в отношении руководителей некоммерческих организаций;

      6) осуществлять контроль за использованием (установлением, размещением) государственных символов Республики Казахстан на территории Карабалыкского района.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Отделом внутренней политики осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел внутренней политики задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Отдела внутренней политики назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и трудовым законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Отдела внутренней политики не имеет заместителей.

      19. Полномочия первого руководителя Отдела внутренней политики:

      1) организует и руководит работой Отдел внутренней политики;

      2) назначает на должность и освобождает от должности работников Отдел внутренней политики в установленном Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и трудовым законодательством Республики Казахстан;

      3) определяет обязанности и полномочия работников Отдела внутренней политики;

      4) представляет Отдел внутренней политики во всех государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;

      5) несет персональную ответственность за проводимую в учреждении работу по противодействию коррупции, а также за непринятие мер по противодействию коррупции.

      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела внутренней политики в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      20. Отдел внутренней политики может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О государственном имуществе". Имущество Отдела внутренней политики формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Отделом внутренней политики относится к коммунальной собственности.

      22. Отдел внутренней политики не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Отдела внутренней политики осуществляются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.