"Победа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 232 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Победа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Победа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамсыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Победа ауылының әкіміне жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Халықов

  Қарабалық ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы "20" желтоқсан
  № 232 қаулысымен
  бекітілсін

"Победа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Победа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Победа ауылы әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Ауыл әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Қарабалық ауданының әкімдігі бекітеді.

      7. Толық атауы және заңды мекенжайы: "Победа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, 110910, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Победа ауылы, Бәйтерек көшесі, 9.

      8. Әкімнің аппаратын аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

      9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      10. Әкімнің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. Әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      11. Тапсырмалар:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      12. Функциялар:

      1) өз құзыреті шеңберінде әкім аппараты:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауыл әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауыл бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауыл бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;

      ауыл бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне) алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан есептен шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдың меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) ауыл әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін шешеді және жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

      мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың бюджеттен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемін айқындайды;

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан Мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Әкім аппаратының өз құзыреті шегінде құқығы бар:

      мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалану;

      шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болу.

      14. Өз құзыреті шегінде, әкім аппаратының міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауыл әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Ауыл әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

      15. Әкім аппаратын әкім басқарады.

      16. Әкімнің өкілеттіктері:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын және (немесе) түсімдерді үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

      Победа ауылының тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      Победа ауылының апатты тұрғын үйлерін әкімнің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдемдеседі;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Әкімнің орынбасары болмайды.

      18. Әкім, әкім аппараты қызметкерлерінен мемлекеттік қызметкелерден әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

4-тарау. Ауыл әкімі аппаратының мүлкі

      19. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Әкім аппаратына бекітілген мүлік Победа ауылының (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      21. Әкім аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Ауыл әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима села Победа"

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 20 декабря 2023 года № 232

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 294 "Об утверждении Типового положения об аппарате акима города районного значения, села, поселка, сельского округа" акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима села Победа".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима села Победа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карабалыкского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на акима села Победа.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р. Халыков

  Утверждено
  постановлением акимата
  Карабалыкского района
  от "20" декабря 2023 года
  № 232

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима села Победа"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима села Победа" (далее – аппарат акима) является государственным учреждением, обеспечивающим деятельность акима села Победа (далее – аким) и осуществляющим иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2. Аппарат акима осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением об аппарате акима.

      3. Аппарат акима является юридическим лицом в организационно – правовой форме государственного учреждения, в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства.

      4. Аппарат акима вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Аппарат акима имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства в соответствии с законодательством.

      6. Положение об аппарате акима села, его структура утверждаются акиматом Карабалыкского района.

      7. Полное наименование: государственное учреждение "Аппарат акима села Победа", юридический адрес аппарата акима: 110910, Республика Казахстан, Костанайская область, Карабалыкский район, село Победа, улица Бәйтерек, 9.

      8. Аппарат акима села образуется, упраздняется и реорганизуется акиматом района.

      9. Аппарат акима является государственным учреждением, содержащимся за счет местного бюджета.

      10. Аппарату акима запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима.

Глава 2. Основные задачи, функции, права и обязанности аппарата акима

      11. Задачи:

      Информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима, а также решение вопросов местного значения.

      12. Функции:

      1) аппарат акима в рамках своей компетенции:

      обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей села, улицы, собрания местного сообщества;

      оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации или иными способами;

      обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных акимом села;

      обеспечивает планирование и исполнение бюджета села;

      представляет собранию местного сообщества и в маслихат района отчет об исполнении бюджета села;

      принимает решение о реализации бюджета села;

      разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества;

      выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу села;

      осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления;

      устанавливает коммунальному государственному предприятию, имущество которого находится в коммунальной собственности села, (коммунальной собственности местного самоуправления), срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности села (коммунальной собственности местного самоуправления);

      осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления;

      осуществляет контроль и анализ выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности (коммунальной собственности местного самоуправления) села;

      организует учет коммунального имущества местного самоуправления, обеспечивает его эффективное использование;

      2) Аппарат акимасела по согласованию с собранием местного сообщества:

      разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности (коммунальной собственности местного самоуправления) села, а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      осуществляет изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу местного самоуправления или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц местного самоуправления;

      предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      принимает решение о создании, реорганизации, изменении наименования и ликвидации коммунальных юридических лиц местного самоуправления по согласованию с акимом района;

      дает согласие коммунальному государственному предприятию на отчуждение или распоряжение иным способом, закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств, а также на передачу и списание дебиторской задолженности;

      утверждает устав (положение) государственных юридических лиц местного самоуправления, внесение в него изменений и дополнений;

      определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности села (коммунальной собственности местного самоуправления);

      рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", и утверждает планы развития государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности села (коммунальной собственности местного самоуправления), и отчеты по их исполнению;

      принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет иные полномочия, предоставленные законодательством Республики Казахстан.

      13. Аппарат акима имеет право, в пределах своей компетенции: запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;

      приобретать и осуществлять имущественные и неимущественные права;

      пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений;

      заключать договора, соглашения;

      иметь иные права, предусмотренные в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      14. Обязанности аппарата акима, в пределах своей компетенции:

      качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с действующим законодательством;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата области, района, акима села;

      осуществлять иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

Глава 3. Организация деятельности аппарата акима села

      15. Аппарат акима возглавляется акимом.

      16. Полномочия акима:

      организует работу аппарата акима, осуществляет руководство его деятельностью;

      рассматривает решения, принятые на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества, обеспечивает их исполнение;

      принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      составляет и утверждает сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      проводит инвентаризацию жилищного фонда села Победа;

      организует по согласованию с акимом и собранием местного сообщества снос аварийного жилья села Победа;

      оказывает содействие микрокредитованию сельского населения в рамках программных документов системы государственного планирования;

      осуществляет иные полномочия, возложенные законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      17. Аким не имеет заместителя.

      18. Аким обеспечивает соблюдение сотрудниками аппарата акима норм этики государственных служащих.

Глава 4. Имущество аппарата акима села

      19. Аппарат акима может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата акима формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за аппаратом акима относится к коммунальной собственности (местного самоуправления) села Победа.

      21. Аппарат акима не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение аппарата акима села

      22. Реорганизация и упразднение аппарата акима осуществляется в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан.