Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Қостанай ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі № 522 қаулысымен бекітілген, Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Танжариков |
Қостанай ауданы әкімдігінің | |
2023 жылғы 31 қазандағы | |
№ 933 қаулысына | |
қосымша |
Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Қазақ көшесі, 5.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
10. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан халқының әлеуметтік қорғау саласын дамытуда және жетілдіруде жәрдемдесу бойынша мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
14. Міндеттері:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) халықты әлеуметтік қорғау саясатын іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлейді;
2) жұмыспен қамтуда жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, іс-шараларды өз құзыреті шегінде іске асырады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік бағдарламаларды іске асырады және бюджеттік қаражат қажеттілігін болжайды;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
7) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
8) Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында "Қостанай облысы бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығы орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қостанай ауданының Мансап орталығы" филиалымен өзара іс-қимыл жасайды;
9) құзыреті шегінде арнайы әлеуметтік қызметті ұсыну саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) өз құзыреті шегінде статистика органдарынан, жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан, барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден және басқа да ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу;
2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің басшылығы Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бірінші басшысын Қостанай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:
қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
қызметкерлер міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
iссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердi оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай - ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.