Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты - оптикалық байланыс желісін жүргізумен пайдалану мақсатында, Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,156 гектар, 1 (бір) жыл мерзімге, өтеусіз негізде, жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауылдық округінің әкімі | Ж. Алтынсарин |