Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына байланыс тіректерін орнату, пайдалану және қызмет көрсету үшін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылдық округі, Заречное ауылы, Наметов көшесі Юбилейная көшесінің шекарасында Набережная көшесіне дейін, ағайынды Радионовтар көшесі Юбилейная көшесінен бастап Юбилейная көшесіне дейінгі шекарада оның Набережная көшелері орналасқан, бағдарлау ауданы 0,564 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2. "Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны әкімдік ауданының интернет-ресурсына орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заречный ауылдық округінің әкімі | Н. Исмагамбетов |