Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін мақсатында, Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі Садовый селосы көшелерінде орналасқан, жалпы ауданы 0,1360 гектар, 5 (бес) жыл мерзімге, өтеусіз негізде, жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Жумагалиев |