Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.08.2024 № 196-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтеріне қатысты бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 20 жылғы "__" ________ № бұйрығымен бекітілген |
Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтеріне қатысты бағаны бекіту туралы
№ р/с | Орман орналастыру жұмыстарының атауы | 1 гектардың бағасы, теңге (ҚҚС есебінсіз) |
Дайындық жұмыстары | ||
---|---|---|
1. | I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) | 46,1 |
2. | II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) | 33,7 |
3. | III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) | 5,7 |
Далалық жұмыстары | ||
1. | I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) | 654,9 |
2. | II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) | 452,6 |
3. | III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) | 61,7 |
Камералдық жұмыстары | ||
1. | I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) | 158,9 |
2. | II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) | 120,7 |
3. | III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) | 11,8 |
№ р/с | Орман орналастыру жұмыстарының атауы |
1 орман иеленушінің бағасы, теңге |
1 | Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу | 54 946,1 |
2 | Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу | 30 422,4 |
№ р/с | Орман орналастыру жұмыстарының атауы |
Интерактивті қартадағы 1 нүктенің бағасы, теңге |
1 | Орман мониторингі | 85,01 |