Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 72 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының төрағасы Д. Әбжамалов

  Мәслихаттың
  2023 жылғы "23" қазандағы
  № 72 шешіміне
  1- қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Сорочин ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық округінің әкімі ауылдар шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Сорочин ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Мәслихаттың
  2023 жылғы "23" қазандағы
  № 72 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Сорочинка ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Крыловка ауылының тұрғындары үшін

2

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Островное ауылының тұрғындары үшін

2

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Қараоба ауылының тұрғындары үшін

2

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Новое ауылының тұрғындары үшін

1


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 23 октября 2023 года № 72

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сарыкольского районного маслихата Д. Абжамалов

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от "23" октября 2023 года
  № 72

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Сорочинского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории сельского округа, в границах которого осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом сельского округа созывается и организуется проведение раздельных сходов местного сообщества в пределах сел.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей села.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Сарыкольским районным маслихатом.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима Сорочинского сельского округа.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от "23" октября 2023 года
  № 72

Количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области (человек)

Для жителей села Сорочинка Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

3

Для жителей села Крыловка Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

2

Для жителей села Островное Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

2

Для жителей села Караоба Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

2

Для жителей села Новое Сорочинского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

1