Бейімбет Майлин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 71 шешімі.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келгендерге" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген):

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 23.12.2024 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бейімбет Майлин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсетілсін:

      1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

      2. Осы шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихатының төрағасы Д. Мартин

О предоставлении в 2024 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Беимбета Майлина

Решение маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 27 декабря 2023 года № 71.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9946):

      Сноска. Преамбула – в редакции решения маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 23.12.2024 № 135 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Предоставить в 2024 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, подъемное пособие и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в размере:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит для специалистов, прибывших:

      в сельские населенные пункты, являющиеся административными центрами района в сумме, не превышающей две тысячи пятисоткратного размера месячного расчетного показателя;

      в сельские населенные пункты в сумме, не превышающей две тысячи кратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Д. Мартин