Федоров ауданы Новошумное ауылы жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 62 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Федоров ауданы Новошумное ауылы жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Федоров ауданы Новошумное ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

      КЕЛІСІЛДІ

      Новошумное ауылының әкімі

      ____________ С. Лисачев

      "__" __________ 2023 жыл

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 5 қазандағы
  № 62 шешіміне
  1-қосымша

Федоров ауданы Новошумное ауылы жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Федоров ауданы Новошумное ауылы жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Федоров ауданы Новошумное ауылының тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      4. Новошумное ауылының әкімі Новошумное ауылы шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Новошумное ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Новошумное ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Новошумное ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Новошумное ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      10. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Новошумное ауылы әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны мен тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 5 қазандағы
  № 62 шешіміне
  2-қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиынындағы Федоров ауданы Новошумное ауылының тұрғындары өкілдерінің саны

Елді мекеннің атауы

Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Новошумное ауылы

3


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определении количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Новошумное Федоровского района

Решение маслихата Федоровского района Костанайской области от 5 октября 2023 года № 62

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Федоровский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Новошумное Федоровского района согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Новошумное Федоровского района согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Федоровского районного маслихата Б. Исенгазин

      СОГЛАСОВАНО

      Аким села Новошумное

      ______________ С. Лисачев

      "__" __________ 2023 год

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от 5 октября 2023 года
  № 62

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Новошумное Федоровского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Новошумное Федоровского района (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32894) и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села Новошумное Федоровского района.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      4. Акимом села Новошумное созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села Новошумное.

      5. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом села Новошумное не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      6. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей села.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе.

      7. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом села Новошумное или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким села Новошумное или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села Новошумное для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Федоровским районным маслихатом.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      10. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима села Новошумное для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от 5 октября 2023 года
  № 62

Количество представителей жителей села Новошумное Федоровского района в сходе местного сообщества

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей села (человек)

1

село Новошумное

3