"Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 179 шешімі

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 27 ""Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Б. Исенгазин

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 9 қаңтардағы
  № 179 шешімімен
  бекітілген

"Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Федоров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Федоров аудандық мәслихатын (бұдан әрі – мәслихат) және оның органдарын ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоровка ауылы, Красноармейский көшесі, 53.

      10. Осы ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары: мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтарі:

      өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;

      өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      мәслихат қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға мүдделі органдар мен ұйымдарды тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның органдарының және мәслихат депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың қарауына келіп түскен шешімдердің жобаларын қарау;

      мәслихат депутаттарының заңнамада белгіленген құзыреттерді іске асыруына көмек көрсету;

      мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың басқа органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету; мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын, бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылық алатын бірінші басшы (мәслихат төрағасы) жүзеге асырады.

      17. Мәслихат аппаратының бірінші басшысын депутаттар арасынан депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайлайды және мәслихат сессияда қызметінен босатады.

      18. Мәслихат аппаратының бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Мәслихат аппаратының бірінші басшысының өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген.

      Мәслихат аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Федоровского районного маслихата"

Решение маслихата Федоровского района Костанайской области от 9 января 2023 года № 179

      В соответствии с пунктом 2 статьи 40 Административного процедурно-процессуального Кодекса Республики Казахстан и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" Федоровский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат Федоровского районного маслихата".

      2. Отменить решение маслихата от 29 апреля 2016 года № 27 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Федоровского районного маслихата"".

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Б. Исенгазин

  Утверждено
  решением маслихата
  от 9 января 2023 года
  № 179

Положение о государственном учреждении "Аппарат Федоровского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Федоровского районного маслихата" (далее – аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Федоровского районного маслихата (далее – маслихат) и его органов, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Аппарат маслихата не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 111900, Республика Казахстан, Костанайская область, село Федоровка, улица Красноармейская, 53.

      10. Настоящее положение является учредительным документом аппарата маслихата.

      11. Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.

      12. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями аппарата маслихата.

      Если аппарату маслихата законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи: обеспечение деятельности маслихата, его органов и депутатов.

      14. Полномочия:

      1) права:

      в пределах своей компетенции вступать в гражданско-правовые отношения с юридическими и физическими лицами, заключать договоры и осуществлять иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству Республики Казахстан;

      в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов, должностных лиц и других организаций по вопросам компетенции маслихата;

      участвовать в заседаниях маслихата, комиссий, рабочих групп, мероприятиях, проводимых органами маслихата;

      осуществлять права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      осуществлять организационную работу по проведению сессий, заседаний постоянных комиссий и других органов маслихата;

      вести служебную переписку по вопросам, отнесенным к ведению аппарата маслихата; привлекать заинтересованные органы и организации к участию в подготовке документов, рассматриваемых маслихатом;

      осуществлять обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      организационное обеспечение деятельности маслихата, его органов и депутатов;

      правовое обеспечение деятельности маслихата, его органов и депутатов маслихата;

      рассмотрение проектов решений, поступивших в маслихат;

      оказание помощи в реализации депутатами маслихата компетенций, установленных законодательством;

      информационно-аналитическое обеспечение деятельности маслихата;

      обеспечение взаимодействия маслихата с другими органами и организациями;

      документационное обеспечение деятельности маслихата;

      материально-техническое обеспечение деятельности маслихата;

      осуществлять функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство аппаратом маслихата осуществляется первым руководителем (председатель маслихата), который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своих полномочий, дисциплинарную ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан за неисполнение или ненадлежащее исполнение должностных обязанностей по предупреждению совершения коррупционных правонарушений подчиненными сотрудниками.

      17. Первый руководитель аппарата маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.

      18. Первый руководитель аппарата маслихата не имеет заместителей.

      19. Полномочия первого руководителя аппарата маслихата установлены согласно Закону Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      Исполнение полномочий первого руководителя аппарата маслихата в период его отсутствия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

      20. Аппарат маслихата возглавляется руководителем аппарата маслихата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности председателем маслихата.

4. Имущество государственного органа

      21. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.

      23. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.