Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 64 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр генерал-лейтенант Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 64 бұйрығына
қосымша

Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі - Министрлік туралы ереже) 16-тармағының 175-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау мен дайындау, азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) штаттарын әзірлеу жөніндегі іс-шараларын орындауды нақтылайды.

2-тарау. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды жоспарлау

      2. АҚО ұйымдық-штаттық іс-шаралар (бұдан әрі - ҰШІ) ұйымдық-штаттық құрылымды жетілдіру, бөлімшелердің жеке құраммен жасақталу сапасын жақсарту мақсатында жоспарланады.

      3. ҰШІ "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ), олардың аумақтық органдарының, оның ведомстволарының бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің штат санының лимиттері (бұдан әрі - ТЖМ штат санының лимиттері) шегінде қамтамасыз етіледі.

      4. Ұйымдық-штаттық құрылымды жетілдіру бойынша ұсыныстарды ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары, оның ведомстволарының бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері өз құзыреті шегінде әзірлейді.

      Ұсыныстар қызмет бағытын штаттық қамтамасыз етуді, бөлімшелер бойынша жинақталмауды, ұйымдық-штаттық шешімге байланысты күтілетін нәтижелер туралы мәліметтерді зерделеуді ескере отырып әзірленеді.

      5. Басқарудың барлық деңгейлерінде сеніп тапсырылған бөлімшелердің қызметкерлері мен қызметшілеріне нақты жүктемені талдау ғылыми негізделген нормативтерге сәйкес жүргізіледі, оның негізінде олардың нормативтік штат саны айқындалады және оны қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

      6. ҰШІ өткізудің орындылығын талдау кезінде қаржылық тәуекелдер (лауазымның қысқаруына немесе бөлімшенің таратылуына байланысты жұмыстан босату кезінде көзделген төлемдер), кадрлық тәуекелдер (кәсіби қызметті бойынша жоғары нәтижелі кәсіби және тәжірибелі кадрлардың кадр құрамынан шығуымен байланысты), АҚО қызметінің тиімділігін төмендету тәуекелдері (ресурстық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі) ескеріледі.

      7. ҰШІ жүзеге асырудың орындылығы туралы шешімді ТЖМ басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қабылданатын басқарушылық және кадрлық шешімдердің негізділігін қамтамасыз ететін тәуекелдерді бағалау нәтижелеріне сүйене отырып қабылдайды.

      8. Лауазымдардың қысқаруы мен жалпы штат санының қысқаруымен қатар жүретін АҚО ұйымдық-штаттық құрылымын оңтайландыру қажеттілігі туындаған кезде ТЖМ басшысының тиісті ҰШІ жүргізу туралы шешімнің келісімін алған күні бар бос лауазымдар басым тәртіппен қаралады.

      9. АҚО ҰШІ-ды өткізу кезеңінде қысқартылатын лауазымдар немесе таратылатын бөлімшенің қызметі берілен бөлімшеге қызметке қабылдау, қысқартылатын лауазымдарды немесе таратылған бөлімшедегі лауазымдарды алмастыратын қызмет түріне сәйкес келетін лауазымдарға қабылдау тоқтатылады.

      10. Штат санын қайта бөлу бойынша ҰШІ өткізуге ұсыныстарды ТЖМ кадр қызметіне ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдар, оның ведомствосының бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      11. Келіп түскен ұсыныстар негізінде және қабылданатын немесе қолданылып жүрген заңнаманы іске асыруда ҰШІ әзірленген жағдайда ҰШІ жобалары әзірленеді және ТЖМ басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға қарауға ұсынылады.

      12. Штат санының лимиттерін ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу кезінде:

      1) ТЖМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосының бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің нақты жүктемесін, жедел жағдайдың жай-күйін және бөлімше қызметінің көрсеткіштерін ескере отырып, функционалдық талдау негізінде дайындалған негіздемелермен қосымша штат санын енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      2) мемлекеттік бюджетті жоспарлау саласындағы уәкілетті органдармен (бұдан әрі - ҰЭМ, Қаржымині) штат санын ұлғайтудың орындылығы мәселесін пысықтау;

      3) ҰЭМ мен Қаржыминінің оң қорытындысы кезінде белгіленген тәртіппен Мемлекет басшысымен не оның өкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу үшін ТЖМ штат санының лимиттерін ұлғайту жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ұсыныстар дайындау және енгізу;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санының лимиттерін ұлғайтуға келісімін алған кезде ТЖМ бюджеттік өтініміне республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - РБК) қарауына жататын қосымша қаржылық шығыстар енгізіледі;

      5) енгізілетін қосымша штат санын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі РБК оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасын дайындау және енгізу қамтамасыз етіледі.

3-тарау. Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын дайындау

      13. ҰШІ материалдарын дайындау үшін мына құжаттарды әзірленеді:

      1) ҰШІ жүргізу туралы ұсыныстар;

      2) штаттардағы өзгерістер тізбесі;

      3) қаржылық-экономикалық негіздеме.

      14. ҰШІ жүргізу туралы ұсыныстардың мәтіні ерікті түрде:

      1) ҰШІ жүргізу үшін құқықтық актілерге сілтемелері;

      2) ҰШІ жүргізудің мақсаттары мен міндеттері;

      3) ҰШІ жүргізуден күтілетін нәтижелері;

      4) енгізілетін ұсыныстардың қаржылық-экономикалық негіздемелері көрсетіле отырып жасалады.

      15. ҰШІ бойынша ұсыныстарға ТЖМ құрылымдық бөлімшесінің, аумақтық органның, оның ведомствосы бөлімшесінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қол қояды.

      16. Штат санын ұлғайтуды көздейтін ұйымдық-штаттық мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және басқарушылық шешімдер қабылдау осы Нұсқаулықтың 17-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызметкерлер санының нормативтеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтық актілерге сәйкес қызметкерлердің нақты жүктемесі ескеріле отырып (оның ішінде функциялар санын ұлғайта отырып) қамтамасыз етіледі.

      17. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосының және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарын және ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосының бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесін әзірлеу кезінде мыналар басшылыққа алынады:

      1) бөлімшенің, оның ішінде кіретін құрылымдық бөлімшелер мен жекелеген лауазымдар бойынша қызметтік жұмыстың көлемін сипаттайтын функционалдық талдау;

      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығы және құрылымдық бөлімше туралы ереже;

      3) осы Нұсқаулық;

      4) Министрлік туралы ереженің 16-тармағының 71) тармақшасына сәйкес бекітілетін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері санының нормативтері;

      5) ТЖМ штат санының лимиттері;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 мамырдағы № 643 қбпү қаулысымен бекітілген арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі;

      7) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қбпү Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес әскери атақтар тізбесі;

      8) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 қбпү Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша тізілімі;

      9) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі;

      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;

      11) ТЖМ тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосының және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру көлемі.

      18. Ұйымдық-штаттық мәселелер бойынша бекітілген бұйрықтар немесе олардың үзіндісі ТЖМ мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, аумақтық органдарға, оның ведомствосының және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге жолданады.

4-тарау. Азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу

      19. ҰШІ бойынша бұйрықтарды дайындау мен рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазанда № 703 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосы бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттары осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      21. "Әскери немесе арнаулы атақ (персонал санаты)" бағанында штаттарға енгізілген әрбір лауазымның жолына лауазым бойынша шекті әскери немесе арнаулы атақ, басқа лауазымдар бойынша осы лауазымға жататын персонал санаты (мемлекеттік әкімшілік қызметші, азаматтық қызметші, жұмысшы персонал) жазылады.

      "Лауазымдар саны" бағанында лауазымның әрбір атауы бойынша белгіленетін штат бірліктерінің саны көрсетіледі.

      "Лауазым санаты" бағанында осы Ереженің 3-тарауы 18-тармағы 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген лауазымдар тізілімі мен санаттарымен бекітілген лауазымдар санаты көрсетіледі.

      "Ұстау көзі" бағанында қаржыландыру көзінің қысқартылған түрде белгіленуі көрсетіледі: республикалық бюджет - РБ.

      22. Әрбір құрылымдық бөлімшеден кейін оның санының қорытындысы шығарылады. Штат санының жалпы жиыны штаттардың соңында қойылады. Штат санының жалпы жиынынан кейін персонал санаты бойынша саны көрсетіледі.

      23. Штаттардың барлық бағандары толтырылады. Қаржыландыру көзін қоспағанда, штаттарда қысқартуларды қолдануға және сөздерді тасымалдауға жол берілмейді.

      24. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосы бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ осы тарауда көзелген ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосы бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарын рәсімдеу бойынша талаптарға сәйкес рәсімделеді.

      Жаңа құрылымдық бөлімше құрылған жағдайда оның атауының астында жақшада: "(қайтадан құрылады)" деп көрсетіледі.

      Құрылымдық бөлімше таратылған жағдайда жақшада: "(таратылады)" деп көрсетіледі, төмендегі жол "барлық лауазымдар қысқартылады" деген жазбамен толықтырылады. Құрылымдық бөлімше қайта ұйымдастырылған кезде: "қайта ұйымдастырылады" деп көрсетіледі.

      Бөлімшенің орналасқан жерінің атауы өзгерген жағдайда оның атауының астында жақшада: "(орналасқан жерінің атауы өзгертіледі)" деп көрсетіледі.

      25. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосы бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

  Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын
жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау
органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосы бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттары

Аппараттар мен лауазымдардың атауы

Әскери немесе арнаулы атақ (персонал санаты)

Лауазымдар саны

Лауазым санаты

Ұстау көзі

____________________________________
(орган атауы)

_____________________

(орналасқан жері)

Оның ішінде:





республикалық бюджет есебінен ұсталады -
соның ішінде:





әскери қызметшілер -
АҚО қызметкерлері -
мемлекеттік әкімшілік қызметшілер -
азаматтық қызметшілер -
жұмысшы персонал -





  Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын
жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау
органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосы бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі

Аппараттар мен лауазымдардың атауы

Әскери немесе арнаулы атақ (персонал санаты)

Лауазымдар саны

Лауазым санаты

Ұстау көзі

енгізіледі

қысқар-тылады

____________________________________
(орган атауы)

_____________________

(орналасқан жері)





























































  Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын
жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау
органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, оның ведомствосы бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер

Органдар және бөлімшелер атауы

Штат саны

оның ішінде санаттар бойынша

орта және аға басшы құрам

кіші басшы құрам

әкімшілік және азаматтық қызметшілер


ұлғаяды

азаяды

ұлғаяды

азаяды

ұлғаяды

азаяды

ұлғаяды

азаяды




























Жиыны










Об утверждении Инструкции по планированию и подготовке материалов организационно-штатных мероприятий, разработке штатов органов гражданской защиты

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 7 февраля 2023 года № 64

      В соответствии с подпунктом 175-2) пункта 16 Положения о Министерстве по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по планированию и подготовке материалов организационно-штатных мероприятий, разработке штатов органов гражданской защиты.

      2. Департаменту кадровой политики Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент кадровой политики Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр генерал-лейтенант Ю. Ильин

  Утверждена
приказом Министра
по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 07.02.2023 года № 64

Инструкция по планированию и подготовке материалов организационно-штатных мероприятий, разработке штатов органов гражданской защиты

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по планированию и подготовке материалов организационно-штатных мероприятий, разработке штатов органов гражданской защиты (далее - Инструкция) разработана в соответствии с подпунктом 175-2) пункта 16 Положения о Министерстве по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденная постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" (далее - Положение о Министерстве) и детализирует выполнения мероприятий по планированию и подготовке материалов организационно-штатных мероприятий, разработки штатов органов гражданской защиты (далее - ОГЗ).

Глава 2. Планирование организационно-штатных мероприятий

      2. Организационно-штатные мероприятия (далее - ОШМ) в ОГЗ планируются в целях совершенствования организационно-штатной структуры, улучшения качества укомплектованности подразделений личным составом.

      3. ОШМ обеспечиваются в пределах лимитов штатной численности Министерства по чрезвычайным ситуациям (далее - МЧС), территориальных органов, подразделений его ведомств и подведомственных государственных учреждений, утвержденных Правительством Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений" (далее - Лимиты штатной численности МЧС).

      4. Предложения по совершенствованию организационно-штатной структуры разрабатываются структурными подразделениями МЧС, территориальными органами, подразделениями его ведомства и подведомственными государственными учреждениями в пределах своей компетенции.

      Предложения разрабатываются с учетом изучения сведений о штатном обеспечении направления деятельности, не укомплектованности по подразделениям, об ожидаемых результатах в связи с организационно-штатным решением.

      5. Анализ фактической нагрузки на сотрудников и служащих вверенных подразделений на всех уровнях управления, проводится в соответствии с рекомендациями научно обоснованных нормативов, на основании которых, определяется их нормативная штатная численность и вырабатываются предложения по ее перераспределению.

      6. При анализе целесообразности проведения ОШМ учитываются финансовые риски (выплаты, предусмотренные при увольнении в связи с сокращением должности или упразднением подразделения), кадровые риски (связанные с выбытием из кадрового состава профессиональных и опытных кадров с высокой результативностью профессиональной служебной деятельности), риски снижения эффективности деятельности ОГЗ (недостаточное ресурсное обеспечение).

      7. Решение о целесообразности осуществления ОШМ принимается руководителем МЧС или лицом, исполняющим его обязанности исходя из результатов оценки рисков, обеспечивающих обоснованность принимаемых управленческих и кадровых решений.

      8. При возникновении потребности в оптимизации организационно-штатной структуры ОГЗ, сопровождающейся сокращением должностей и общей штатной численности, в приоритетном порядке рассматриваются должности, являющиеся вакантными на дату получения согласия руководителя МЧС решения о проведении соответствующих ОШМ.

      9. На период проведения в ОГЗ ОШМ приостанавливается прием на службу в подразделение, в котором сокращаются должности или переданы функции упраздненного подразделения, на должности, исполнение обязанностей по которым соответствует виду деятельности, замещающих сокращаемые должности или должности в упраздненном подразделении.

      10. Предложения на проведение ОШМ по перераспределению штатной численности представляются в кадровую службу МЧС структурными подразделениями МЧС, территориальными органами, подразделениями его ведомства и подведомственными государственными учреждениями в срок не позднее 1 апреля текущего года.

      11. На основании поступивших предложений и в случаях разработки ОШМ в реализацию принимаемого или действующего законодательства, разрабатываются проекты ОШМ и представляются на рассмотрение руководителю МЧС или лицу, исполняющему его обязанности.

      12. При разработке предложений по увеличению лимитов штатной численности обеспечивается:

      1) подготовка заинтересованными структурными подразделениями МЧС, территориальными органами, подразделениями его ведомства и подведомственными государственными учреждениями предложений по введению дополнительной штатной численности с обоснованиями, подготовленными на основе функционального анализа, с учетом фактической нагрузки сотрудников, состояния оперативной обстановки и показателей деятельности подразделения;

      2) проработка с уполномоченными органами в сферах планирования государственного бюджета (далее - МНЭ, МФ) вопроса целесообразности увеличения штатной численности;

      3) подготовка и внесение Премьер-Министру Республики Казахстан предложений МЧС по увеличению лимитов штатной численности ОГЗ для согласования в установленном порядке с Главой государства либо по его уполномочию с Администрацией Президента Республики Казахстан при положительном заключении МНЭ и МФ;

      4) при получении согласия Президента Республики Казахстан либо Администрации Президента Республики Казахстан на увеличение лимитов штатной численности в бюджетную заявку МЧС включаются дополнительные финансовые расходы, подлежащие рассмотрению Республиканской бюджетной комиссией (далее - РБК);

      5) подготовка и внесение в Аппарат Правительства Республики Казахстан соответствующего проекта постановления Правительства Республики Казахстан при положительном заключении РБК по финансированию расходов на содержание вводимой дополнительной штатной численности.

Глава 3. Подготовка материалов организационно-штатных мероприятий

      13. Для подготовки материалов ОШМ разрабатываются следующие документы:

      1) предложения о проведении ОШМ;

      2) перечень изменений в штатах;

      3) финансово-экономическое обоснование.

      14. Текст предложений о проведении ОШМ составляются в произвольном виде с указанием:

      1) ссылки на правовые акты для проведения ОШМ;

      2) целей и задач проведения ОШМ;

      3) ожидаемого результата проведения ОШМ;

      4) финансово-экономического обоснования вносимых предложений.

      15. Предложения по ОШМ подписывается первым руководителем структурного подразделения МЧС, территориального органа, подразделения его ведомства и подведомственного государственного учреждения.

      16. Внесение предложений и принятие управленческих решений по организационно-штатным вопросам, предусматривающих увеличение штатной численности обеспечивается с учетом фактической нагрузки сотрудников (в том числе, с увеличением количества функций) согласно нормативам численности сотрудников, указанных в подпункте 4) пункта 17 настоящей Инструкции и другими правовыми актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      17. При разработке штатов структурных подразделений МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомства и подведомственных государственных учреждений и перечня изменений в штатах структурных подразделений МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомства и подведомственных государственных учреждений руководствуются:

      1) функциональным анализом, характеризующим объем служебной деятельности подразделения, в том числе по структурным подразделениям и отдельным должностям;

      2) приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 16 "Об утверждении положений о ведомствах и территориальных подразделениях Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" и положением о структурном подразделении;

      3) настоящей Инструкцией;

      4) нормативами численности сотрудников, осуществляющих функции по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, оказанию экстренной медицинской и психологической помощи населению, сотрудников органов государственной противопожарной службы, утверждаемых в соответствии с подпунктом 71) пункта 16 Положения о Министерстве.

      5) Лимитами штатной численности МЧС;

      6) перечнем должностей органов внутренних дел, уголовно–исполнительной системы, органов гражданской защиты и государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, которым присваиваются специальные звания, и соответствующих им предельных специальных званий, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2012 года № 643дсп;

      7) перечнем воинских должностей и соответствующих им воинских званий в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 25 декабря 2012 года № 453дсп;

      8) реестром должностей военнослужащих, сотрудников специальных государственных органов, правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы и органов прокуратуры Республики Казахстан по категориям, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года № 1283дсп;

      9) реестром должностей политических и административных государственных служащих, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150;

      10) классификацией должностей гражданских служащих (за исключением квалифицированных рабочих), работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, по функциональным блокам, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193;

      11) объемом финансирования соответствующего структурного подразделения МЧС, территориального органа, подразделения его ведомства и подведомственного государственного учреждения.

      18. Утвержденные приказы по организационно-штатным вопросам или их выписки направляются в заинтересованные структурные подразделения МЧС, территориальные органы, подразделения его ведомства и подведомственные государственные учреждения.

Глава 4. Разработка штатов органов гражданской защиты

      19. Подготовка и оформление приказов по ОШМ осуществляются в соответствии с правилами документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 703.

      20. Штаты структурных подразделений МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомства и подведомственных государственных учреждений оформляются по форме согласно приложению 1 к настоящей Инструкции.

      21. В графе "Воинское или специальное звание (категория персонала)", в строке каждой должности, включенной в штаты, вписывается предельное воинское или специальное звание по должности, по другим должностям категория персонала, к которой относится эта должность (административный государственный служащий, гражданский служащий, рабочий персонал).

      В графе "Количество должностей" указывается количество штатных единиц, устанавливаемых по каждому наименованию должности.

      В графе "Категория должности" указывается категория должности, установленная реестром и классификацией должностей, указанных в подпунктах 8), 9) и 10) пункта 18 главы 3 настоящей Инструкции.

      В графе "Источник содержания" указывается обозначение источника финансирования в сокращенном виде: республиканский бюджет - РБ.

      22. После каждого подразделения подводится итог штатной численности подразделения. Общий итог штатной численности проставляется в конце штатов. После общего итога штатной численности указывается численность по категории персонала.

      23. Заполняются все графы штатов. Использование сокращений, за исключением источника финансирования и перенос слов в штатах не допускаются.

      24. Перечень изменений в штатах структурных подразделений МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомства и подведомственных государственных учреждений оформляются по форме согласно приложению 2 к настоящей Инструкции, а также согласно требованиям по оформлению штатов структурных подразделений МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомства и подведомственных государственных учреждений, предусмотренным настоящей главой.

      В случае создания нового структурного подразделения под его наименованием в скобках указывается: "(создается вновь)".

      В случае упразднения структурного подразделения в скобках указывается: "(упраздняется)", строкой ниже дополняется записью - "сокращаются все должности". При реорганизации структурного подразделения указывается: "реорганизуется в".

      В случае изменения наименования места дислокации подразделения под его наименованием в скобках указывается: "(место дислокации переименовывается в)".

      25. Изменения штатной численности структурных подразделений МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомства и подведомственных государственных учреждений оформляются по форме согласно приложению 3 к настоящей Инструкции.

  Приложение 1
  к Инструкции по планированию
и подготовке материалов
организационно-штатных
мероприятий, разработке штатов
органов гражданской защиты

Штаты структурных подразделений МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомств и подведомственных государственных учреждений

Наименование аппаратов и должностей

Воинское или специальное звание (категория персонала)

Количество должностей

Категория должности

Источник содержания

____________________________________
(наименование органа)
_____________________
(место дислокации)

 
В том числе содержится за счет:





республиканского бюджета -
из них:





 
военнослужащие -
сотрудники ОГЗ -
административные государственные служащие -
гражданские служащие -
рабочий персонал -





 
  Приложение 2
к Инструкции по планированию
и подготовке материалов
организационно-штатных
мероприятий, разработке штатов
органов гражданской защиты

Перечень изменений в штатах центрального аппарата МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомств и подведомственных государственных учреждений

Наименование аппаратов и должностей

Воинское или специальное звание (категория персонала)

Количество должностей

Категория должности

Источник содержания

ввод.

сокр.

___________________________________
(наименование органа)
_____________________
(место дислокации)





























































 
  Приложение 3
к Инструкции по планированию
и подготовке материалов
организационно-штатных
мероприятий, разработке штатов
органов гражданской защиты

Изменения штатной численности центрального аппарата МЧС, территориальных органов, подразделений его ведомств и подведомственных государственных учреждений

Наименование органов и подразделений

Штатная численность

в том числе по категориям

средний и старший начальствующий состав

младший начальствующий состав

административные и гражданские служащие

увеличивается

уменьшается

увеличивается

уменьшается

увеличивается

уменьшается

увеличивается

уменьшается




























Итого