"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 551 бұйрығының қолданылуы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 10 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Министрдің міндетін атқарушы |
Б. Сыздықов |