Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 350/4 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Ғылыми-техникалық | 420 | 13016 |
2 | Туризм және өлкетану | 340 | 13016 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 405 | 13016 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 610 | 13016 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 540 | 13016 |
6 | Гуманитарлық | 615 | 13016 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 400 | 13016 |
Барлығы: | 3330 |