Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде Павлодар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауылының 50 лет КАЗ ССР көшесін – "Ұлы Дала" көшесі, Береговая көшесін – "Ыбырай Алтынсарин" көшесі, Вологодская көшесін –"Бөгенбай батыр" көшесі, Восточная көшесін – "Жәнібек-Керей" көшесі, Дорожная көшесін – "Рахымжан Қошқарбаев" көшесі, Железнодорожная көшесін – "Тайкелтір би" көшесі, Заводская көшесін – "Қажымұқан" көшесі, Клубная көшесін – "Күлтегін" көшесі, Қасым Қажы көшесін – "Исабек Ишан" көшесі, Мир көшесін – "Бейбітшілік" көшесі, Молодежная көшесін – "Алтын Орда" көшесі, Новоселов көшесін – Шоң би көшесі, Озерная көшесін – "Далакөл" көшесі, Огородная көшесін – "Дінмұхамед Қонаев" көшесі, Октябрьская көшесін – "Тәуелсіздік" көшесі, Омский тракт көшесін – "Алаш Орда" көшесі, Пионерская көшесін – "Ер Еділ" көшесі, Песчанная көшесін – "Құмдыкөл" көшесі, Садовая көшесін – "Мұқан Қаған" көшесі, Степная көшесін – "Бауыржан Момышұлы" көшесі, Строительная көшесін – "Сұлтан Бейбарыс" көшесі, Советская көшесін – "Мәңгілік Ел" көшесі, Тепличная көшесін – "Дешті Қыпшақ" көшесі, Торговая көшесін – "Қасым Қажы" көшесі, Целинная көшесін – Торайғыр би көшесі, Школьная көшесін – "Жұмабек Тәшенев" көшесі, Юбилейная көшесін – "Желтоқсан" көшесі, Южная көшесін – "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесі, Солнечный тұйық көшесін – "Шәкәрім" тұйық көшесі, Школьный тұйық көшесі – "Лев Гумилев" тұйық көшесі, Северный тұйық көшесін – "Көктем" тұйық көшесі, Цветочный тұйық көшесін – "Қағанат" тұйық көшесі, Дружбы тұйық көшесін – "Шапағат" тұйық көшесі, Лесхозный тұйық көшесі – "Ақбеттау" тұйық көшесіне, Молодежный тұйық көшесін - "Жас тұлпар" тұйық көшесі, Новый тұйық көшесін – "Отырар" тұйық көшесі, Комсомольский тұйық көшесін – "Сауран" тұйық көшесі, Космонавтов тұйық көшесін – "Ғабдылуахит Хазірет" тұйық көшесі, Восточный тұйық көшесін – "Жасыбай батыр" тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауылы әкімінің м.а. | А.Бекмағамбетов |