Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 38-1 бабы 7-тармағына Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" № 294 бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 283/3 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Дүйсенбинов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 603/6 қаулысына қосымша |
"Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Достық ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Достық ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Ақсу қаласының әкімдігі бекітеді.
7. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима Достыкского сельского округа города Аксу".
"Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140114, Ақсу қаласы, Достық ауылдық округі, Достық ауылы, 1 Линия көшесі, 1А-ғимараты.
8. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
9. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
10. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Ақсу қаласының әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
11. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
12. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
2-тарау. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттер:
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
14. Функциялар:
1) "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және қала мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, қайта жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
2) "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
қала әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен иелік жасауға, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
2) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
4) шарттар, келісімдер жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
16. Міндеттері:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің және әкімдігінің, қала әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтында орындау;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.
18. Әкімнің өкілеттіктері:
1) "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
2) жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
4) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
5) ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
6) қала әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына шағын несие алуға жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Әкім Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындайды".
20. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
4-тарау. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзге де тәсілмен билік етуі мүмкін.
5-тарау. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыруды және таратуды" "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен Ақсу қаласының әкімдігі жүзеге асырады.