Баянауыл ауданы бойынша 2023–2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 шілдедегі № 48/6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8–бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл удандық мәслихаттың төрағасы Р. Мұқашев

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
25 шілдедегі № 48/6
шешімімен бекітілді

Баянауыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      1. Баянауыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 173 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      3. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерінің алдын алу мақсатында қабылданды.

      4. Жоспардың мазмұны:

      1) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Баянауыл ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);

      2) осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

      3) осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;

      4) осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;

      5) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;

      6) осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы аумағында ауылдық округі және кенті маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

      7) осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік график.

      5. Топырақ жамылғысы күңгірт-құба түзінділермен ұсынылған, кей жерлерде –сортаң және тақыршық. Жайылымдар табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты табиғи жайылымдарға жатады. Мәдени және құрғақ жайылымдар жоқ.

      Жалпы 4 бөлімшелер, 6 класстар, 72 тұқымдастар мен 260 тегіне тиесілі, шамамен жоғары тамырлы өсімдіктердің 441 түрі есептеледі. Ең мол күрделігүлдес, дәнді, раушангүлдес және бұршақ тұқымдас өсімдіктер болып табылады.

      Жайылымдық алқаптардың орташа астық өнімділігі 4,1 центнер/га құрайды.

      Жайылымдар азықтарының қоры жайылымдық кезеңде 170-180 күн ұзақтығымен пайдаланылады.

      6. Баянауыл ауданы 1928 жылы құрылған, Павлодар облысының оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Солтүстік жағынан Екібастұз қаласымен, оңтүстік және батыс жағынан Қарағанды облысымен, солтүстік-шығыс жағынан Ақсу қаласының ауылдық аймағымен, шығыс жағынан Май ауданымен шектеседі. Аудан орталығы – Баянауыл ауылы.

      Аумақтық-әкімшілік бөлінісі 12 ауылдық округте және бір кентінде орналасқан 38 елді мекендерден тұрады.

      Аудан климаты шұғыл континенттік. Қаңтардың орташа температурасы минус 14 градус Цельсийдан минус 18 градус Цельсийға дейін, шілдеде плюс 18 градус Цельсийдан плюс 20 градус Цельсийға дейін. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 270 мен 277 миллиметр арасында. Қар жамылғысы қараша айының соңында орнығады. Оңтүстік-батыс және солтүстік желдер басым.

      7. Аудан жерлерінің жалпы жер көлемі 1850775 гектар (бұдан әрі - га),оның ішінде жайылымдар – 1510900га.

      Санаттары бойынша жерлер келісідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1 159 500 га;

      елді мекендердің жерлері – 295334 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 6967 га;

      орман қорының жерлері – 127 га;

      су қорының жерлері – 3464 га;

      қордағы жерлері – 316923 га;

      ерекше қорғалатың табиғи аумақ жерлері – 68453 га.

      Баянауыл ауданында жер балансының мәліметтері бойынша 1159,5 мың га жалпы көлемде барлығы 687 ауылшаруашылық құрылымдар есептеледі, соның ішінде жайылымдар 1099,6 мың га, оның ішінде:

      - 902,8 мың га көлемде 600 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдар 860,2 мың га;

      - 194,6 мың га көлемде 32 шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ауылшаруашылық кооператив, оның ішінде жайылымдар 178,1 мың га;

      - 62,0 мың га көлемде 55 жеке тұлғалар, оның ішінде жайылымдар 61,2 мың га.

      8. Негізгі жайылым пайдаланушылары ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Тұрғын халықтың мал басы елді мекендерге тиесілі жерлерде бағылады.

      Табиғи жайылымдардың көлемі – 1510900 га.

      9. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: 73186 бас ірі қара мал, 66163 бас қой-ешкі, 41485 жылқы құрайды.

      10. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген:

      ірі қара мал 246 үйір;

      ұсақ мал 190 отар;

      жылқылар 125 табын.

      11. Баянауыл ауданында ветеринариялық-санитарлық 33 объект қызмет істейді, соның ішінде 16 мал көмінділері, 14 мал дәрігерлік, 3 мал соятын пункт.

      12. Баянауыл ауданында малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.


  Баянауыл ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Баянауыл ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)



  Баянауыл ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Баянауыл ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары



  Баянауыл ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша

Баянауыл ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы



  Баянауыл ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Баянауыл ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне(көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы



  Баянауыл ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Баянауыл ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы



  Баянауыл ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Баянауыл ауданы аумағында ауылдық округі және кенті маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы



  Баянауыл ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік график

Р/с №

Ауылдық округ, кент атауы

Жайылымдарға малдардың айдапшығару мерзімі

Жайылымдардан малдардың қайтару мерзімі

1

Аксан ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

2

Баянауыл ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

3

Бірлік ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

4

Жаңажол ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

5

Жаңатілек ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

6

Күркелі ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

7

Құндыкөл ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

8

Қаратомар ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

9

Қызылтау ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

10

Майқайың кенті

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

11

Сәтбаев ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

12

Торайғыр ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы

13

Ұзынбұлақ ауылдық округі

сәуірдің екінші жартысы

қазанның екінші жартысы


Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию по Баянаульскому району на 2023-2024 годы

Решение Баянаульского районного маслихата Павлодарской области от 25 июля 2023 года № 48/6

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 8, статьей 13 Закона Республики Казахстан "О пастбищах", Баянаульский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый План по управлению пастбищами и их использованию по Баянаульскому району на 2023-2024 годы.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Баянаульского районного маслихата по вопросам социально-экономического развития, планирования бюджета и социальной политики.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Баянаульского районного маслихата Р. Мукашев

  Утвержден
решением Баянаульского
районного маслихата
от 25 июля 2023 года
№ 48/6

План по управлению пастбищами и их использованию по Баянаульскому району на 2023-2024 годы

      1. Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по Баянаульскому району на 2023-2024 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23января 2001года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 20февраля 2017 года "О пастбищах", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ".

      2. План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев – пастбище пользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      3. План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      4. План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории Баянаульского района в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению1 к настоящему Плану;

      2) приемлемые схемы пастбище оборотов на территории Баянаульского района, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3) карту Баянаульского района с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению3 к настоящему Плану;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водо источникам (озерам, рекам, прудам, копаниям, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды на территории Баянаульского района, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища, на территории Баянаульского района, согласно приложению 5 к настоящему Плану;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при сельском округе и поселке на территории Баянаульского района, согласно приложению 6 к настоящему Плану;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану.

      5. Почвенный покров представлен тҰмно-каштановыми образованиями, местами – солонцами и солончаками. Пастбища, в связи с природно-климатической особенностью относятся к природным пастбищам. Культурных и аридных пастбищ нет.

      Насчитывается примерно 441 вид высших сосудистых растений, относящихся к 4 отделам, 6 классам, 72 семействам и 260 родам. Наиболее обильными являются растения из семейства ссложноцветных, злаковых, розноцветных и бобовых.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 4,1 центнер/га.

      Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 170 – 180 дней.

      6. Баянаульский район образован в 1928 году, расположен в юго-западной части Павлодарской области. С севера граничит с городом Экибастуз, с юга и запада с Карагандинской областью, с северо-востока с сельской зоной города Аксу, с восточной стороны – с Майским районом. Центр района – село Баянаул.

      Административно-территориальное делениеБаянаульского района состоит из 38 сельских населенных пунктов, расположенных в 12 сельских округах и в одном посҰлке.

      Климат района – резко-континентальный. Средняя температура в январе отминус14 градусов Цельсия до 18 градусов Цельсия, в июле от плюс 18 градусов Цельсия до плюс 20 градусов Цельсия. Среднегодовое количество осадков колеблется от 270до 277 миллиметров. Снежный покров окончательно устанавливается в конце ноября. Господствуют юго-западные и северные ветры.

      7. Общая площадь земель района 1850775 гектаров (далее – га), из них пастбищные земли – 1510900 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения – 1 159 500 га;

      земли населенных пунктов – 295334 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения –6967 га;

      земли лесного фонда –127 га;

      земли водного фонда – 3464 га;

      земли запаса – 316923 га;

      зземли особо охраняемых природных территорий – 68453 га.

      В Баянаульском районе всего по данным земельного баланса числится 687 сельскохозяйственных формирований на общей площади 1159,5тыс. га, в том числе пастбищ 1099,6 тыс. га, из них:

      - крестьянских и фермерских хозяйств 600 на площади 902,8 тыс.га, в том числе пастбищ 860,2тыс.га;

      - хозяйственных товариществ, акционерных обществ и сельхоз кооперативов 32 на площади 194,6тыс.га, в том числе пастбищ 178,1тыс.га;

      -физические лица 55 на площади 62,0 тыс.га, в том числе пастбищ 61,2 тыс.га.

      8. Основными пользователями пастбищ являются сельскохозяйственные формирования. Скот населения в населенных пунктах пасется на отведенных землях.

      Площадь естественных пастбищ – 1510900 га.

      9. Количество поголовья сельскохозяйственных животных на территории района составляет: 73186 голов крупного рогатого скота, 66163 голов мелкого рогатого скота, 41485 лошадей.

      10. Сформированные стада, отары, табуны сельскохозяйственных животных по видам распределились следующим образом:

      246 стад крупного рогатого скота;

      190 отар мелкого рогатого скота;

      125 табунов лошадей.

      11. В Баянаульском районе действуют 33 ветеринарно-санитарных объекта, в том числе 16 скотомогильников, 14 ветеринарных пунктов, 3 убойных пункта.

      12. В Баянаульском районе сервитуты для прогона скота не установлены.

  Приложение 1
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Баянаульскому району
на 2023-2024 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории Баянаульского района в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов




  Приложение 2
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Баянаульскому району на
2023-2024 годы

Приемлемые схемы пастбище оборотов на территории Баянаульского района




  Приложение 3
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Баянаульскому району
на 2023-2024 годы

Карта Баянаульского района с обозначением внешнихи внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры




  Приложение 4
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Баянаульскому району
на 2023-2024 годы

Схема доступа пастбище пользователей к водо источникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды на территории Баянаульского района




  Приложение 5
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Баянаульскому району
на 2023-2024 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища на территории Баянаульского района




  Приложение 6
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Баянаульскому району
на 2023-2024 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при сельском округе и поселке на территории Баянаульского района




  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Баянаульскому району
на 2023-2024 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

№ п/п

Наименование сельского округа, поселка

Период отгона животных на пастбища

Период отгона животных с пастбищ

1

Аксанский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

2

Баянаульский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

3

Бирликский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

4

Жанажольский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

5

Жанатлекский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

6

Куркелинский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

7

Кундыкольский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

8

Каратомарский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

9

Кызылтауский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

10

поселок Майкайн

вторая половина апреля

вторая половина октября

11

Сатпаевский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

12

Торайгырский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября

13

Узунбулакский сельский округ

вторая половина апреля

вторая половина октября