Железин ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 31/8 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Железин ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т.Даулетов

  Железин аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
20 маусымдағы № 31/8
шешіміне қосымша

Железин ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      1. Железин ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі осы жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 173 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, олардың иелерін - жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      3. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке деген қажеттілікті арнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тазу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.

      4. Жоспар:

      1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Железин ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

      2) осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

      3) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген Железин ауданының картасын;

      4) осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

      5) осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

      6) осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

      7) осы Жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін;

      8) осы Жоспардың 8-қосымшасына сәйкес Железин ауданы аумағында жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажы үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары бедгіленген картаны қамтиды.

      5. Ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты жайылымдар табиғи жайылымдарға жатады. Мәдени және аридті жайылымдар жоқ.

      Гидрографиялық тұрғыдан ауданда қолайлы жағдай бар, өйткені аудан бойымен Ертіс өзені ағып өтеді, оның көптеген ағыстары, жеңдері бар. Сондай-ақ Башмачное, Подстарое, Кызылтұз көлдері бар.

      Аудан аумағында оңтүстік қара топырақты кіші аймақ топырағы басым. 20 тұқымдасқа және 70 түрге жататын кең таралған гүл өсімдіктерінің 120 түрі бар. Ең көп тараған тұқымдастар: дәнді және астрагүл шөптері.

      Жайылымдық жерлердің орташа өнімділігі 3,33 центнерді құрайды. Жайылымдық мал азығының қоры 170-180 күн жайылымдық кезеңде қолданылады.

      6. Железин ауданы Павлодар облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен Ресей Федерациясының Омбы облысымен, солтүстік-шығыстан Ресей Федерациясының Новосібір облысымен, оңтүстіктен Тереңкөл ауданымен, шығыстан Ертіс өзенімен Павлодар облысының Ертіс ауданынан бөлінген. Әкімшілік орталығы–Железинка ауылы, Павлодар қаласынан 177 шақырым жерде орналасқан. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі 12 ауылдық округте орналасқан 33 ауылдық елді мекеннен тұрады.

      Ауданның климаты күрт континентальді, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтарда орташа температурасы минус 18 градус Цельсийден минус 19 градус Цельсийге дейін, шілдеде 19 градус Цельсийден плюс 20 градус Цельсийге дейін. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 275,5 миллиметр, кейде 300 миллиметрге дейін. Жауын-шашынның ең көп мөлшері маусым-шілде соңында, кейде тамызда түседі. Жауын-шашынның едәуір бөлігі жылдың жылы мезгілінде келеді, бірақ олар жиі нөсер түрінде түседі, сондықтан ылғал топыраққа түспейді. Вегетация кезеңінде өсімдік ылғалдың тапшылығын сезінеді. Қар жамылғысы 10 сантиметрге дейін қараша соңында орташа есеппен белгіленеді, ең жоғары биіктікке қараша соңында жетеді, ең жоғары биіктікке ақпан соңында - наурыз басында жетеді.

      7. Аудан жерлерінің жалпы жер көлемі 766 772 гектар (бұдан әрі-га), соның ішінде жайылымдар – 172 020 га.

      Санаттары бойынша жерлер келісідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 453 646 га;

      елді мекендердің жерлері – 127 271 га, оның ішінде жайылым 97 852 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 4 479 га;

      орман қорының жерлері – 41 594 га;

      су қорының жерлері – 2 543 га;

      қордағы жерлері – 137 238 га.

      Железин ауданында жер балансының мәліметтері бойынша жалпы ауданы 453 646 га 277 ауыл шаруашылығы құрылымдары есепте тұр, оның ішінде жайылымдар 172 020 га, оның ішінде:

      - 171 шаруа және фермер қожалықтары 190 648 га, оның ішінде жайылым 74 053 га;

      - 46 шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам мен ауыл шаруашылық кооперативтері 250 880 га, оның ішінде жайылымдар – 87 024 га;

      - басқа 59 кәсіпорын (азаматтар) 12 111 га, оның ішінде жайылымдар 10 944 га.

      8. Аудан аумағындағы жайылымдардың негізгі пайдаланушылары ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Елді мекендердегі тұрғындардың малдары тағайындалған жерлерде бағылады.

      9. Аудан аумағында ветеринариялық-санитарлық 52 объект жұмыс істейді, соның ішінде 40 мал көміндісі, 12 мал дәрігерлік пункт.

      10. Железин ауданында малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.

  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Железин ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)



  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Железин ауданы аумағында жайылым айнылымдарының қолайлы схемалары



  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша

Железин ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы



  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Железин ауданының аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы



  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Железин ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы



  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Железин ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналыстыру схемасы



  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Р/с №

Ауылдық округтің атауы

Жайылымдарға малдарды айдап шығару мерзімі

Жайылымдардан малдарды қайтару мерзімі

1

Ақтау ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

2

Алакөл ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

3

Башмачин ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

4

Веселорощин ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

5

Еңбекші ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

6

Железин ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

7

Қазақстан ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

8

Лесной ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

9

Михайлов ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

10

Новомир ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

11

Озерный ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

12

Прииртышск ауылдық округі

25-30 сәуірдің

25-30 қазанның

  Железин ауданы бойынша
2023 - 2024 арналған жылға
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
8-қосымша

Железин ауданы аумағында жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары бедгіленген картаны



Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Железинскому району на 2023 - 2024 годы

Решение Железинского районного маслихата Павлодарской области от 20 июня 2023 года № 31/8

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 8, статьей 13 Закона Республики Казахстан "О пастбищах", Железинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить План по управлению пастбищами и их использованию по Железинскому району на 2023 - 2024 годы согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Железинского районного маслихата Т.Даулетов

  Приложение к решению
Железинского районного маслихата
от 20 июня 2023 года
№31/8

План по управлению пастбищами и их использованию по Железинскому району на 2023 - 2024 годы

      1. Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по Железинскому району на 2023 - 2024 годы (далее - План) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан-Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ".

      2. План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно - санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев - пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      3. План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      4. План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории Железинского района в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов на территории Железинского района, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3) карту Железинского района с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды на территории Железинского района, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища на территории Железинского района, согласно приложению 5 к настоящему Плану;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при сельском округе на территории Железинского района, согласно приложению 6 к настоящему Плану;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану;

      8) карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, необходимых для удовлетворения нужд населения для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья, в зависимости от местных условий и особенностей на территории Железинского района, согласно приложению 8 к настоящему Плану.

      5. Пастбища, в связи с природно - климатической особенностью района относится к природным пастбищам. Культурных и аридных пастбищ нет.

      В гидрографическом отношении район имеет выгодное положение, так как вдоль района протекает река Иртыш, которая имеет многочисленные протоки, рукава. Имеются также озҰра: Башмачное, Подстарое, Кызылтуз.

      На территории района преобладают почвы подзоны южных черноземов. Насчитывается примерно 120 видов широко распространенных цветковых растений, относящихся к 20 семействам и 70 родам. Наибольшее распространение получили семейства: зерновые и астроцветные травы.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 3,33 центнеров. Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 170-180 дней.

      6. Железинский район расположен в северной части Павлодарской области. С севера граничит с Омской областью Российской Федерации, с северо-востока с Новосибирской областью Российской Федерации, с юга–с районом Тереңкөл, с востока район отделҰн рекой Иртыш от Иртышского района Павлодарской области. Административный центр–село Железинка, находится в 177 километрах от города Павлодар. Административно-территориальное деление состоит из 33 сельских населенных пунктов, расположенных в 12 сельских округах.

      Климат района резкоконтинентальный, зима сравнительно холодная, лето жаркое. Средняя температура января минус 18 градусов Цельсия до минус 19 градусов Цельсия, июля плюс 19 градусов Цельсия до плюс 20 градусов Цельсия. Среднее годовое количество осадков – 275,5 миллиметров, иногда до 300 миллиметров. Максимальное количество осадков выпадает в конце июня-июля, иногда в августе. Значительная часть дождей приходится на теплое время года, но выпадают они чаще в виде ливня, поэтому влага не успевает просачиваться в почву. В период вегетации растения ощущают дефицит влаги. Снежный покров мощностью до 10 сантиметров устанавливается в среднем в конце ноября, минимальной высоты достигает в конце ноября, максимальной высоты достигает в конце февраля-начале марта.

      7. Общая площадь земель района 766 772 гектаров (далее – га), из них пастбищные земли – 172 020 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения – 453 646 га;

      земли населенных пунктов – 127 271 га, в том числе пастбищ 97 852 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного не сельскохозяйственного назначения – 4 479 га;

      земли лесного фонда – 41 594 га;

      земли водного фонда – 2 543 га;

      земли запаса – 137 238 га.

      В Железинском районе всего по данным земельного баланса числится 277 сельскохозяйственных формирований на общей площади 453 646 га, в том числе пастбищ 172 020 га, из них:

      - крестьянских и фермерских хозяйств 171 на площади 190 648 га, в том числе пастбищ 74 053 га;

      - хозяйственных товариществ, акционерных обществ и сельхоз кооперативов 46 на площади 250 880 га, в том числе пастбищ 87 024 га;

      - других предприятий (граждан) 59 на площади 12 111 га, в том числе пастбищ 10 944 га.

      8. Основными пользователями пастбищ на территории района являются сельскохозяйственные формирования. Скот населения в населенных пунктах пасется на отведенных землях.

      9. В районе действуют 52 ветеринарно-санитарных объекта, из них 40 скотомогильников, 12 ветеринарных пунктов.

      10. В Железинском районе сервитуты для прогона скота не установлены.

  Приложение 1
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории Железинского района в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов



  Приложение 2
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Приемлемые схемы пастбищеоборотов на территории Железинского района



  Приложение 3
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Карта Железинского района с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры



  Приложение 4
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточниками (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленная согласно норме потребления воды на территории Железинского района



  Приложение 5
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища Железинского района



  Приложение 6
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при сельском округе Железинского района



  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

№ п/п

Наименование сельского округа

Период отгона животных на пастбища

Период отгона животных с пастбищ

1

Актауский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

2

Алакольский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

3

Башмачинский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

4

Веселорощинский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

5

Енбекшинский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

6

Железинский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

7

Казахстанский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

8

Лесной сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

9

Михайловский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

10

Новомирский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

11

Озерновский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

12

Прииртышский сельский округ

25-30 апреля

25-30 октября

  Приложение 8
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Железинскому району
на 2023 - 2024 годы

Карта с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, необходимых для удовлетворения нужд населения для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья, в зависимости от местных условий и особенностей на территории Железинского района